09:53
ҰБТ жолында

ДҰРЫС ЖОСПАР

Күнді тиімді өткізуге көп адамдар КАН БАН әдісін қолданады.

Бұның сабақ оқитын орныңның тура алдында А1 көлемді қағазға жасалғаны абзал. Қағазға үшке бөлінген баған сызамыз. Бірінші бөлікке күнделікті істеу керек нормаларды жазасың, қандай да бірін істеп бастағанда екінші бөлікке өткізесің, біткеннен кейін үшінші бөлікке өткізесің. Бұл ж.йенің артықшылығы сол: әр істі орындаған сайын, сенде күшті сезім пайда болады, басқаға назар аудармайсың және тезірек барлық істі соңғы бөлікке апаруға, яғни аяқтауға асығасың, керемет емес пе, иә?

Екінші әдісті «М» әдісі деп атадық. Себебі оны өзіміз үшін үшін ойлап тапқанбыз.

Не істеймін?

Егер істеп қойсам

100 сұрақ жаттау

 

40 есеп шығару

 

Тест тапсыру

 

20 минут кітап оқу

Инстаграмға кіру

 

Кино көру

 

Қыдыру

 

PS4 ойнау

деп нәпсімізге (қалауларымызға) де ерік беріп қоямыз.

Тағы бір тәсіл: сыныбыңдағы немесе тобыңдағы жақсы оқитын адаммен дос болып, бір-біріңді қадағаласаңдар болады және жарысып оқисыңдар.

Бір күнді барынша тиімді өткізудің 4 деңгейі бар:

Ең жоғарғы деңгей. Күнделікті істейтін дағды қалыптастыру. Мысалы, күнде таңертең 5:00-де ояну, 05.30-да жүгіру, 06.20-да тіл үйрену... деген сияқты әр күні не істейтіні тұрақты болған адамның деңгейі. «Ертең не істеймін» деп басын қатырмайды ол адам. Барлық жағдайға дайын. Тосыннан бір жағдайдың келіп, жоспарын бұзып кетпеуін қатты қадағалайды.

Жақсы деңгей. Күнделікті дағдысы жоқ болса да, әр күні кешке ертең не істейтінін жоспарлап жатады және ертеңгі күнді барынша тиімді өткізуге тырысады.

Орта деңгей. Ертең не істейтінін білмейді, бірақ таңертең оянған кезде, «бүгін не істесем екен?» деп ойланады және күнін сол сәттен бастап жоспарлайды.

Төмен деңгей. Бұл деңгейге жататындар есіне түскенде, хаостан шаршап кеткенде барып жоспар құрады және тұрақты істемейді.

Сен қай топқа жатасың? Бір күнің бір жылыңның бейнесіне айналсын.

Сол үшін күнделікті қай күні, қай сабақтан, қандай материалмен дайындалатыныңды алдын-ала жоспарлап ал! Сонда миға күш түспейді және нәтижелі болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: