10:13 ҰБТ жолында |
МАҚСАТ Мақсат – нәтиженің жартысы Арманды жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам – мақсат қою. Энтони Роббинс Бұл тақырып өте үлкен және әлемде бұған байланысты өте көп зерттеулер жүргізілген, кітаптар жазылған. Біз мұның бәрі айтып отырмаймыз, тек ҰБТ-ға байланысты жағын ғана қарастырамыз. Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Әр адамның өмірінде қойған мақсаттары болады. Бірақ кейде мақсаттар шын өмірмен үйлеспей, мақсат емес, орындалмас арман болып кетеді. Талапкер ҰБТ-ға дайындық кезінде мақсатты қалай қою керек? Бұл жерде арнайы әлем бойынша тәжірибеден өтіп, алпауыт компаниялар қолданып жүрген өте танымал, өмірдің барлық саласына қолдануға қолайлы SMART жүйесін ұсынамыз. Иә, бұл сөзді естіп, тіпті өмірде қолданып жүрген шығарсың. Біздің деңгейіміз смарт теледидар, смартфон, смарт мұздатқыш дегенді ғана елестетеді ғой жалпы. Бірақ бұл – мақсатқа жеткізетін нақты, бірегей жүйе!
Нақтылық Өзің не қалайтындығыңды анық білмесең, нәтижеге жету өте қиын болмақ. Мақсаттарыңды нақтыла. «Көлігім болса ғой...» дегеннің орнына, қандай маркалы, қай түсті көлікті қалайтындығыңды ойлап, оның бағасын біліп, мақсатыңның орындалуына қадамдар жаса.
Мақсат өлшемі Мақсатың қай жағдайда орындалады? Мақсатыңа өзіңше өлшем бірлік беріп, шкала құр. Мысалы, «арықтаймын» деп мақсат қойған арулар қанша килограмм салмақ тастағысы келетінін алдын-ала белгілеген жөн.
Қолжетімділігі Бұл қасиет – мақсат пен арманның бірден-бір айырмашылығы. Армандарың орындалмастай болуы мүмкін, алайда мақсатың қол жеткізе алатындай болуы керек. Арманын уақыт өте мақсаттарға айнала алады. Сол себепті армандарға да көңіл бөліп, барынша қолжетімді қыл.
Сенің өміріңе беретін мағынасы Егер істеп жатқан ісіңнен мағына көрмейтін болсаң, онда мотивацияң бір аптаға жетпей қалуы мүмкін. Қойған мақсатыңа, істеп жатқан ісіңе мағына бер. Мысалы, «егер қойған мақсатыма жетпейтін болсам, арманым көкке ұшады» немесе «егер осы нәрсені істемейтін болсам, өмірім өзгермейді» деген сияқты қандай да мағына беріп, оған сенуің керек! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |