21:41 ҰБТ жолында |
АРМАН Армандар орындалу үшін жаралған Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ. Лев Толстой Бәріміз мына фразаны естіп өстік: «Армандар орындалады, мақсаттар айқын болса». Бірақ көбінде есейгенде, мен қайда, арман қайда, білмей жатамыз. Осы тақырыпты дұрыстап ашып беруді жөн көрдік. Біздің шын арманымыз бала кезімізде болған, сол кездегі армандарды «арман» деп айта аламыз. Себебі біз бала кезімізде шексіз қиял иесі едік, басқалардың не ойлайтыны маңызды емес еді, ешкімге бағынбайтын едік және ең бастысы – ойында ешқандай арамдығы жоқ, күнәдан пәк, тап-таза, кіршіксіз оймен армандайтын едік! «Сенің арманың қандай?» деп сұраса, не деп жауап беретін едің? Лйланып көрші, есіңе алшы! Мүмкін былай жауап беретін едің: - Сен өскенде кім боласың? - Мен өскенде ең мықты дәрігер боламын! - Неге? - Себебі, мен барлық ауырмаса екен деймін және ауырған адамдар болса, өзім бәрін емдеймін, сөйтіп жер бетінде ауру адам қалмайды. Немесе: - Сен өскенде кім боласың? - Ұшқыш боламын. - Неге? - Егер ұшқыш болсам, көп жұмыс жасап, ата-анамды ұшаққа отырғызып, әлемнің ең керемет жерлерін араласатын боламын. - Сен өскенде кім боласың? - Құрылысшы боламын. - Неге? - Биік-биік, әдемі үйлер тұрғызамын. Сол жерде жақындарыммен, достарыммен бірге тұрамын, бәріміз бірге болған ұнайды... Осылар сияқты көптеген асқақ-асқақа армандарымыз бар еді. Қазір ол жоқ, біреудің арманын өз арманым деп алғандаймыз. Арман – үлкен нәрсе, кішкентай заты арман деп санауға болмайды. Бір кісілер айфонды арман етеді, бір кісілер кітапты арман етеді, енді бір кісілер шетелге баруды арман етеді, бұның бәрі арман емес, жай ғана мақсаттар. Арман бізді әрдайым қанаттандырып, мотивация беріп, көңілімізге қуаныш сыйлайды. Ол бір сәттік үлкен дүниеге құрылу керек. Мысалы, арманың айфон алу болса, алғаннан кейін, қуанышың ары кетсе, бір айға созылады. Басында телефонды сүртіп, үстелге жай қойып, дұрыс қуаттап жүресің, ал бір айдан кейін ше? Оны лақтырасың ғой, қалай болса солай қуаттай бересің. Арманың сені бір-ақ ай қуантты ма сонда? Жо-жоқ, олай болмау керек. Енді, арманың жоғарыдағы мысалдағыдай ең мықты дәрігер болу болсын. Сенің арманың орындалып, еліміздегі ең мықты дәрігер болдың. Онда сен әр емделіп шыққан науқастың қуанышындай қуанышқа бөленесің және дертінен сауыққан ол адам сенің өмір бойы тілекшіңізге айналады. Арманын сені өмірдің әрбір сәтінде, күн сайын қуантатын болады. Арманың сені бір сәтке ғана емес, әрдайым қанаттандырып, өмір бойы алға сүйресін. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |