10:55
ҰБТ жолында

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ

ПРОБЛЕМА

Өзім білемін

Кейбір оқушылар интернеттен немесе әр жақтан естіп алған ақпарат бойынша мамандық таңдайды және ешкімді тыңдамайды, ақылдаспайды. Бұл да дұрыс емес. Себебі қазіргі заманда ақпараттың көптігі сонша – адамның ойлануына мүмкіндік бермейді. Сол себепті қателеспеудің ең тиімді жолы – ақылдасып барып шешім қабылдау.

 

Жалақысы көп

Көп оқушы мамандығын қанша «жақсы көремін» дегенмен, шын мәнісінде, сол мамандыққа жалақысы үшін бара жатыр. «Жалақысы жоғары мамандыққа түссем, алатын жалақым көп болады» деген түсінік тек оқушылардағы ғана емес, өмір сүрген ортамыздағы ең үлкен қате түсінік!

Не үшін екенін сіздерге мына мысалмен түсіндіріп көрейік:

Айталық, Ержан деген ағамыз құрылысшы. Ай сайын 250 мың теңге және ай сайын 70 мың теңге несиесі бар. Айдын Рахымбаев деген ағамызды барлығымыз танитын шығармыз. Ірі құрылыс фирмасының директоры, еліміздегі біраз тұрғын үйлерді, ғимараттарды сол кісі тұрғызған, ол кісінің мамандығы да құрылысшы. Ағамыздың байлығы 610 000 000 доллар және мемлекеттен бонус ретінде алатын ақшасы және бар. Мен физикпін, мен мектептегі мұғалімдерден көбірек табамын, ал Назарбаев университетінің мұғалімі менен әлдеқайда жоғары жалақы алады. Егер біздің алатын жалақымыз мамандыққа байланысты болса, онда неге адамдар бір мамандықта жұмыс жасай тұра, әртүрлі жалақы алады? «ІТ мамандығының жалақысы көп» дейді, бірақ осы ІТ мамандығын бітіріп, 60 мың теңгеге жұмыс жасап жатқандар бар. Демек, сенің болашақта алатын жалақың мамандыққа байланысты емес!

Олай болса, мамандықты қалай таңдаймыз?!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: