23:38
ҰБТ жолында

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ

ПРОБЛЕМА

«Мамамдық» деген мамандық

Аты күлкілі естілетін шығар, бірақ бұл мамандықты қазақ отбасының айналып өткені сирек. «Мамамдық» деп баласы грант конкурсына құжаттар тапсырар кезде, мамасының баласына таңдап берген мамандығын айтамыз. Кейбір отбасыда әкесі немесе анасы өзінің кезінде орындалмай қалған армандарын баласы арқылы орындағысы келіп, баласының сол мамандыққа түсуін қалайды.

Бір оқушы «Машина жасау» мамандығына барғысы келетін еді. Бір күні ол мамандыққа бармайтынын, әскери адам болатынын айтты.

- Не үшін?» - деп сұрағанда.

- Әкем соған бар деп жатыр, - деді. Сөйтсек, әкесі кезінде өзі әскери оқуға түсе алмай қалған, енді баласын «қайтсем де военныйға түсіремін» деп отыр екен. Тіпті кей отбасыда бала ҰБТ тапсырып болғаннан кейін, туысқандары арнайы жиналады. Сосын «та-а-к, біздің әулетте дәрігер бар, мұғалім бар... тек заңгер жоқ екен, заңгер бол» деп, тағдырын шешім жібереді. Сол кезде «әй, өмір-ай» дейсің. Кез келген ата-ана баласына жамандық тілемейтінін білеміз, бірақ әр бала өз алдына бөлек тұлға екенін ескеруіміз керек. Ата-анаға берілген қабілет балаға беріле бермейді және өмір сүрген заман басқа, кезінде дұрыс болып саналған түсініктер қазір дұрыс емес дегендей ғой. Болашақта мамандық бойынша жұмыс істейтін, жеке отбасы ретінде өмір сүретін баланың өзі болғандықтан, ата-ана тек мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, көмекші болуы тиіс, мамандықты бала өзі таңдауы керек.

 

Таныс немесе ұнататын кісілердің мамандығын таңдау

Бірде бір оқушыдан қандай мамандыққа баратынын сұрағанда, КНБ-ға барғысы келетінін айтты, себебін сұрағанда, таныс ағасының осы мамандыққа түсіп, көтеріліп кеткенін айтты. Қыздар корейлік драмаларды немесе жапондық анимелерді көргенді жақсы көреді және ол фильмдегі өзінің сүйікті кейіпкеріне ұқсағысы келіп, солардың мамандығын таңдайды. Ешкім біреудің жолын қайталай алмайтынын ескеру қажет деп ойлаймыз және сен одан да мықты бола аласың! Себебі адам баласы – бір-біріне ұқсамайтын ерекше жаратылыс.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: