11:01
ҰБТ жолында

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ

ПРОБЛЕМА

Грант үшін таңдау

Елімізде мамандық таңдаудың кең таралған түрі – грант үшін таңдау. Ол физика сабағынан сабақ береді. Алдында отырған кейбір оқушылардың физикаға ешқандай қабілеті жоқтығын немесе физикадан басқа пәнге қабілетінің жоғарырақ екенін байқайды. Ол оқушымен сөйлесіп, оған басқа пәнге ауысса, өзі үшін жақсырақ болатынын айтса, оның берер жауабы: «Грант жоқ қой, ағай». Ата-аналар да осы грант жағына басымдық береді. «Егер грант болмаса, оқымайсың!» дегендей қысым көрсететіндерді көріп жүрміз. Грант болса, жақсы ғой, әрине. Бірақ ата-ана болсын, оқушы болсын мынаны түсінсе дейміз. Грант 4-5 жылдық өміріңді ғана жеңілдетеді. Осы 4-5 жылға бола қалған бүкіл өміріңді өзің ұнатпайтын жұмысқа қор қылуға бола ма? Ойланып көрейік! Енді керісінше ойланып қарайық, сен грант жоқ болса да, 4-5 жыл өзің жақсы көретін мамандықта оқыдың. Иә, мүмкін 4-5 жыл ақшадан қиналдың. Бірақ қалған өміріңде тек өзің жақсы көретін іспен айналысасың, керемет емес пе? Сен қайсысын таңдайсың, өз еркің!

 

Хит мамандыққа бару

Оқушылар арасында бұрыннан келе жатқан танымал мамандықтарға немесе трендтегі мамандықтарға қызығатындары жетерлік. Мысалы, физика-математика таңдағандардың 90%-ы ІТ мамандығына барғысы келеді, география-математика таңдағандардың да басым бөлігі экономист, маркетолог болғысы келеді. ІТ мамандығы біраз сабырды қажет етеді, көбіне жалғыз жұмыс жасайды, кейде компьютеріңді құшақтап, екі-үш күн бойы қозғалмай отыруға тура келеді. Сен осы талаптарға сәйкес келесің бе? Экономист мамандығы нарықтық экономика, заң және үрдістер туралы теориялық терең білімі бар, қазіргі экономикалық анализ әдістерін, бизнем-жоспарлардың құрылуын, басқаруда тиімді шешімдер қабылдауды, сонымен қатар күрделілігі әрүтрлі деңгейдегі жобаларды басқаруды, экономикалық үдерісті болжауды және оңтайландыруды жоғары дәрежеде меңгеруді талап етеді. Сенің осы талаптарға қабілетің, мінезің сәйкес келу керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: