* * *
Зейінді дамытуға арналған 3 жаттығу
Бүгінде ақпараттандыру ғасырында зейінді бір жерге қойып, әрекет ету көпшілік үшін қиындық тудырады. Ал зейіннің тұрақсыздығы жетістікке жету жолындағы басты кедергі. Ендеше, біз ұсынған 3 жаттығуды пайдаға асыр!
1-жаттығу. Заттар тізімін бақылау
Алдымен бірнеше заттар тізімі көрсетілген суретті дайындап ал. Суретке 60 секунд көз жүгіртіп, мұқият қарап шық. Содан соң бос қағазды алып, есіңде қалған заттарды жаз немесе сурет салуыңа да болады.
Кеңес. Суретте көрсетілген заттарды рет-ретімен есте есте сақтауға тырыс. Бұл ойынды жеңілдетеді әрі ми жұмысын жақсартады. Сонымен қатар заттардың атын дауыстап айтуыңа да болады.
2 - жаттығу. Фантаатикалық әңгіме құрастыр
Төменде бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ бірнеше сөз берілген. Аталмыш сөздерді есте сақтау үшін оларды бір оқиғаға байланыстыру қажет. Ең бастысы құрастырған әңгімең ерекше болсын. Сонда бейнелер жадыңа тез сақталады.
Сөздер:
Айна
Аспан
Ғарыш
Махаббат
Әлеуметтік желі
Су
Бактерия
Ауа
Қорапша
Жапырақ
3 - жаттығу. “Досыңа көмектес” жаттығуы
Бұл ойында жаныңа төмендегі сандарды дауыстап айтатын дос керек. Сандар жазылған қағазға қарама. Тек құлақ арқылы тыңдауға тырыс. Бұл жердегі басты мақсат - мүмкіндігінше көп санды есте сақтау.
* * *
Оғыз мемлекетінің астанасы мен қалалары сауданың дамуына қалай әсер етті?
X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Оғыз державасының саяси орталығы ретінде Янгикенттің тандап алынуына көптеген жағдайлар себеп болады. Бұлардың ішіндегі ең бастысы оның Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен және Мауараннахрмен түйісуі болды.
Янгикент кимек даласы арқылы Сарысу, Қаракеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде болды. Яғни, Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын сауда жолы осы қаланың үстінен өтетін еді.
X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды. Бұл – мемлекетте тұрақты басқару жүйесінің құрылғанын көрсетеді. Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.
Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Олар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған.
Сондай-ақ оғыз бай-феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыздар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан тұрғызылды.
Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ және Сауран қалалары болған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Сондай-ақ құмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді.
XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|