08:51
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Қазақстан аумағында керуен жолы қалай дамыды?

Керуен жолдары – ежелгі дәуір мен орта ғасырда Батыс Еуропа мен Шығыс елдерінің арасындағы сауда қатынастарының дамуына ықпал етті. Нақтырақ айтсақ, аса ірі халықаралық қатынас жолы болды.

Ал қазақ жерінде Керуен жолдарының тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шеніндегі «далалық сақ жолдарынан» бастау алады.

Геродоттың жазуы бойынша, бұл жол Қаратау маңынан Дон жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы сарматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Кейбір деректерде, ежелгі керуен жолдарына «Ұлы Жібек жолы» атауы кейін берілген. Бұл атау осы жолмен тасымалданған негізгі тауар – жібекпен тығыз байланысты.

Керуен жолдары арқылы алғаш рет император Удидің тапсыруымен Батысқа саяхат жасаған дипломат Чжань Цянь (б.з.б. 103 жыл) жүріп өткен. Қытай елшісінің соңынан іле-шала жібек артқан керуендер Батысқа қарай бет алған. Уақыт өткен сайын Керуен жолдарының жеке тармақтары жергілікті саяси-экономикалык жағдайға орай, жанданып әрі құлдырау кезеңдерінен де өтті.

5 ғасырдан бастап Ұлы Жібек Қытай мен Орталық Азия арасын жалғастырып жатқан, Жетісу мен қазіргі Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен тармағы жақсы дамыған. 6 ғасырдың 2-жартысында бұл Керуен жолдары көшпелі түркілердің құдіретті империясы – Түрік қағандағының құрамына кірді. Осы кезеңнен бастап Жетісуда аса ірі қалалар жүйесі қалыптаса бастады.

10 ғасырдан бастап Керуен жолдары Іле Алатауын бойлап, Алматы, Талхиз арқылы Іле аңғарына шығатын бөлігі жандана бастады. Жолдың осы бөлігінде көптеген қалалар пайда болған. Орта ғасырлардағы ірі тарихи оқиғалар Керуен жолдарының тағдырына кері әсер етті.

* * *

Көшпенді қазақ салықтың қандай түрлерін пайдаланды?

Қазақстан аумағында жүздеген жылдар бойы өзіндік салық салу жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе бір жағынан өзіндік салт-дәстүрге, тарихи тәжірибеге сай дамыса, екінші жағынан сыртқы мемлекеттердің әсерінен де дамыды.

Табиғаттың қатал болуы, қуаңшылық жағдайлар, жауынның, су қорларының аз болуы қазақ халқы үшін көшпенділік мал шаруашылығымен айналысуға алып келді. Көшпенді рулар мен одақтардың хандары мен билері, сұлтандары жайылымдық жерлерде иелік орнатты. Бұл жөнінде А. Левшин былай деп жазады: Қырғыздардың ұлылықтары халықтан төлемдерді мал түрінде және зат ретінде ешқандай белгіленген тәртіпсіз жағдайларда алып тұрды.

Қазақтардан салық алу тәртібін қалыптастыру XVII ғасырға тән болды. Сол кезде Тәуке ханға міндетті салық төлеу, нақтырақ айтсақ мал шщаруашылығымен айналысатын аймақтарда малдың 120 бөлігін, егіншілкпен айналысатын аймақтарда егіннің 110 бөлігін төлеу іске асырылды.

Ішкі Ордада феодалдық төлемнің жүйесі сөгіле, зекет, хан-киіз, пішен салық түрінде қалыптасты. Соғымды әрбір 15 сиырдан біреуін алатын еді. Сөйтіп хан бір жылда соғым ретінде 800-1000 басқа дейін ірі қара алып тұрды. Хан табысының негізгі көзі зекет болды, одан 1849 жылы ғана ақша түрінде шаққанда 45746 сом күміс түсіп отырды. Хан қазынасына шаруалардың дайындаған шөбі мен мал өнімдерінің бір бөлігі алынып отырды.

Көшпенділіктен отырықщылыққа ауысу кезінде егіншілікпен айналысатын түземдердің жерлерінен егін көлемінің 110 мөлшерінде жер салығы алынды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: