21:18
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде қалай қалыптасты?

Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Бұл жол біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған. Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өріс алды. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

Біздің заманымызға дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Онтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы қалыптасты. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.

📌 Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан. Осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен. Б. з. дейінгі II ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктік және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.

📌 Б. з. II—V ғғ. Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын. Одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүре отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан жол екіге бөлініп, Такла-Макан шөлін солтүстік жағынан айналып өтетін.

Терістік жолы Хами, Тұрфан, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін орталығы жол Чаоннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауына шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін. Бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын.

📌 XI—ХІІ ғғ. Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалған еді. Үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы кісілер, теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса көп тұтынатындар қатарынан саналатын.

📌 VII—XIV ғғ. елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған, оның бір учаскелері айрықша маңыз алып, көркейіп жатса, екінші бір учаскелері жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттрі қаңырап бос қалған.

* * *

Кітапты жылдам оқуға арналған жаттығулар

Жыл сайын оқып бітіруің қажет кітаптар тізімін жазасың. Алайда кітап оқу әдісін білмегендіктен, олардың бәрін оқып бітіруге мүмкіндігің болмай жатады. Бүгінгі жазбада кітапты жылдам оқуға қатысты лайфхактармен бөлісеміз. Ендеше қажетіңе жарасын.

📌 Күнделікті өмірде оқу жылдамдығын анықтау қиын емес. Ол үшін таймерді 1 минутқа қойып, кез келген кітапты алып, қысқаша үзіндіні әдеттегі қарқынмен оқып шық. Содан соң төменде көрсетілген қарапайым есептеу жасайсың.

1️-қадам: екі қатардағы таңбаларды қалдырмай санап шық.

2️-қадам: Шыққан санды 2-ге бөл.

3️-қадам: бір минут ішінде оқыған жолдар санын есепте.

4️-қадам: орташа оқу жылдамдығыңды есептеу үшін екінші қадамдағы санды үшінші қадамнан шыққан санға көбейтіп, 60-қа бөл.

Ескерте кететін жайт, бұл әдісті 3-5 рет қайталауға кеңес береміз. Сол сәтте орташа нәтижені есептеу оңай болады.

📌 Қарапайым адам бір нүктеге қарағанда он әріпті кейде екі-үш сөзді ғана көреді. Ал жылдам оқитын адамдар бір оқығанда отыз үш сөзді бірден көре алады. 

📌 Егер кітапты баяу оқитын болсаң, онда жазылған ақпараттың тек алпыс пайызын ғана қабылдайсың. Жылдам оқысаң, сексен пайыз ақпаратты түсінуге мүмкіндік бар.

Жылдам оқудың құпиясы.

▪️ Кітапта берілген сөзге емес, ойға салмақ түсіріп оқы.

▪️ Мәтінді іштей айту әдетінен аулақ бол. Нақтырақ айтсақ, көзбен көргенді оймен оқу керек.

▪️ Таңбаларды саусақпен жүргізіп отыру қажет.

▪️ Секундомердің көмегімен, қаншалықты тез оқығаныңды тексеріп отыр.

▪️ Мүмкіндігінше көп оқуды қолға ал.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: