23:10 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз |
* * * Отырар теңгелерінің 3 ерекшелігі Отырар алқабында бірнеше түрдегі қола теңге шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршылы садақ конус тәрізді құрбан шалатын орын, «X» нысанды таңбалар белгісі бейнеленген. Оларды Қаңлы мемлекетінің мұрагері болған, орталығы Сырдарияның орта ағысында орналасқан Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің әртүрлі билеушілері соқтырған болса керек. 📍Шу аңғарының қалаларында ақшамен сауда жасаудың дамығанын түргештер мен тухустардың теңгелері дәлелдейді, олар VII — VIII ғасырларда қағанаттарда шығарылған, бірақ XI ғасырға дейін айналыста болды. Жетісу теңгелері диаметрі 12 миллиметрден 28 миллиметрге дейін жететін, ортасында шаршы тесігі бар, мыстан құйылған дөңгелек болып келеді. Ең көп тарағандары екі түрлі теңгелер — түргештердің теңгелері мен «түргеш» және «тухус дөңгелектері» дейтін теңгелер. 📍Түргеш теңгелері қаған атынан шығарылған, мұны олардың бір бетіне айналдыра «Түргеш қағаны (Құдайдың қалаулысы) мырзаның теңгесі» немесе «Түргеш қағаны мырза» деген соғды жазуы дәлелдейді. Тухус теңгелерінің көлемі кішірек және сапасы нашар болған. Жетісу жиынтығы арасында бұл теңгелер төрт түрге бөлініп, олардың ішінде таңбалардың түрлі нұсқалары салынуымен, түсінік сөздердің болуымен немесе болмауымен атап өтілген жекелеген топтарды ажыратуға болады, теңгелер салмағы мен дайындалу тәсілі жағынан әртүрлі — не құйылған, не соғылған болып келеді. Ең дағдылысы — «Тухум (Бахум) билеушісі» деген сөздер. Соңғы онжылдық ішінде жергілікті жерде Арслан әулеті соқтырған теңгелер тобы анықталды. Арслан, Қарахандардың алдындагы әулет болса керек. Невакет қамалын қазған кезде осындай теңге табылды: қола шеңберінің диаметрі 20—22 мм, шеңбер ішінде шаршы тесігі бар, теңгенің салмағы — 2,35 г. Соғды курсивімен сағат тіліне қарсы: «Арслан-білге-қаған мырза. Фан (Чаглан?)»,—деп түсінік берілген. Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға қарағанда неғұрлым ертеректе қалыптасқан. Алайда ол Жетісуда неғұрлым көп таралған, мұнда жүздеген теңге табылды, ал Отырардан он шақтысы ғана табылған еді. Жетісу теңгелері мейлінше алуан түрлі: мұнда түргештер теңгелерінің алты, тухустар теңгесінің төрт түрі, құны әр түрлі біртектес даналардан тұратын бірнеше сериясы айналысқа түскен. * * * Жоспарды қалай құрамыз? 📌Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Егер өзіміздің күнделікті өмірімізге зер салатын болсақ, бос уақытымыздың өте көп екенін бағамдаймыз. Сол себепті уақытты үнемді және дұрыс пайдаланудың негізгі жолы – жоспарлау. Бұған қатысты ғалымдар ұсынған түрлі әдістер бар. Олай болса бүгін карточка және Айви Ли техникаларына тоқталамыз. 📌Карточка әдісі Уақытты жоспарлаудың бұл түрін ресейлік ұйымдастырушы Глеб Архангельский ойлап тапты. Бұл әдіс бойынша кез келген адам карточкалардың көмегімен діттеген мақсатына жете алады. Нақтырақ айтсақ, мақсаттарыңа байланысты үш түрлі карточка жасайсың. Олар бір-біріне ұқсамауы тиіс. ✔️ Бірінші карточка – стратегиялық бағытта жасалады. Мұнда сен нақты мақсаттарыңды жазасың. ✔️ Екінші карточкада бір жылға немесе бірнеше жылға арналған жоспарың болады. ✔️ Үшінші карточкада күнделікті жоспарларың мен мақсаттарың жазылады. Бұл күнделікті әрекеттеріңе байланысты өзгеріп отырады. Аталмыш әдістің артықшылығы - барлығы қарапайым жолмен тез құралады. Ескерте кететін жайт, маңызды істерге әрдайым назар аудар. Сонымен қатар ұмытып кетпеуің үшін жоспар құрып отыр. 📌Айви Ли әдісі Бұл америкалық ғалым Айви Ли ұсынған ең тиімді әдістердің бірі. Ол басталған іс аяқсыз қалмауы үшін күніне тек 6 тапсырма жоспарлау қажет екенін айтады. ✔️ Жұмыс күні аяқталар уақытта ертеңгі күнге арналған маңызды 6 тапсырманың тізімін жасап қой. Сонымен қатар оларды маңызына қарай жіктеп орналастыр. Айви Ли әдісі жоспарлауды жеңілдетеді. Ал күнделікті жетістікке жетіп отыру үшін зейініңді белгілеген маңызды тапсырмаларға қойып үйрен. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
