11:43 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз |
* * * Уақытты дұрыс жоспарлаға арналған ТОП-3 кітап Франческо Сирильо. “Помодоро әдісі. Уақыт, шабыт және зейінді басқару” (Метод Помидора. Управление временем, вдохновением и концентрацией) Франческо Сирильо – әлемге әйгілі «Помодоро» өнімділік әдістемесін ойлап тапқан адам. Ол өз кітабында күрделі тапсырмаларға назар аударуға әрі оларды кейінге қалдырмауға қатысты кеңестермен бөліседі. Сонымен қатар әрекеттеріңізді жүйелеуге және мақсаттарыңызға жету жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды. Harvard Business Review. “Қалай өнімді бола аламыз”, (Как стать продуктивнее) Harvard Business Review мақалалар жинағы өнімділіктің барлық саласын қамтиды: тек күнді жоспарлау ғана емес, сонымен қатар назар аудару қабілеті, мотивацияны іздеу және артық жұмысқа «жоқ» деп айта алуға үйретеді. Барлығы алты бөлімнен тұратын 34 мақала. Мұнда «Түгендеу», «Күнді жоспарлау», «Көңіл бөлу», «Мотивация» және «Сапарлар» тарауларынан басқа маңыздылығы жоғары – «Демалыс» туралы да айтылады. Николай Мрочковский, Алексей Толкачев “Экстремалды тайм-менеджмент” (Экстремальный тайм-менеджмент) Бұл уақытты тиімді басқаруды қалыптастырғысы келетіндер үшін таптырмас кітап. Кітаптың оқырманға берер пайдасы көл-көсір. Бұл туындының басты кейіпкері - Глеб есімді орташа жастағы қарапайым адам. Оның өзін-өзі бағалау қасиеті төмен болады. Соған байланысты жұмысы мен жеке өмірінде көптеген мәселемен арпалысып жүреді. Қуанышына орай өміріндегі бұл келеңсіз жайттар ұзаққа созылмайды. Ол сәтсіз сәттердің бірінде табысты кәсіпкер Макспен танысады. Осылайша Макс оның өмірінің өзгеруіне айтарлықтай көмектеседі. Глеб тәлімгері ұсынған әдістерді орындау арқылы мансаптық жолы мен жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жете бастайды. Әр тараудың соңында кітап авторлары оқырманға Глебпен бірге орындай алатын үй тапсырмасы түрінде ұсынылған жаттығуларды ұсынады. Макс оқырманға өз мақсаттарын теңдестіруге көмектесетін, 8 секторға бөлінген шеңберден тұратын - "өмір теңгерімі" әдісін ұсынады. Әр сектор- адам өмірінің негізгі саласы ретінде қарастырылады. Олар: ▪️Денсаулық және спорт; ▪️Тұрақты орта, достар; ▪️Отбасы және жеке қарым-қатынас; ▪️Мансап және кәсіп; ▪️Қаржы; ▪️Руханият және шығармашылық; * * * 20/80 қағидасы бойынша өзіңіз қалаған жетістікке қалай жете аласыз? Парето заңы бойынша “20% әрекет 80% нәтижеге алып келеді, ал 80% күш тек 20 % нәтиже береді” деп тұжырымдалады. Бұл экономист әрі әлеуметтанушы Вилфредо Паретоның тайм-менеджментке байланысты құраған ережесі. Кез келген жан аталған заңды егжей-тегжейлі меңгеріп, назарын маңызды жұмысқа қойып үйренсе, айтарлықтай жетістікке жете алады. Себебі әрекеттің 20%-ын анықтап алмасаң, уақытыңның 80%-ы бос өтіп кететінін түсінуің керек. Сондықтан қазірден бастап әрекеттің 20%-ын қандай іске арнайтыныңды нақтылап ал. Бұл заңдылықтың мақсаты барлық күшті жұмысқа салу емес, оны қажетті бағытта жұмсау. Парето принципін күнделікті өмірде қалай қолданамыз? 🤔 📌 80/20 ережесі бойынша тиімділікті арттыру үшін саған күш, тәртіп және мотивация қажет. Парето заңын қолданудың қарапайым алгоритмі бар: 📌 Мақсат қой және оған жетудің соңғы мерзімін анықта. 📌 Өзге адамдар мен өз тәжірибеңе сүйене отырып, мақсатқа жету жолын тексеріп ал. 📌 Тақырып бойынша барлық ақпаратты жинақта. 📌 Ақпаратты оқып, жүйелегенен кейін артық деректерден бас тарт. 📌 Қажет емес ақпаратты алып тастағаннан кейін, нақты әрекеттер тізімін жаса. 📌 Құрастырылған тізімді тағы бір рет оқып шық. Оның ішінен басты нәтижеге әсер етпейтін, алайда көп уақыт пен күш жұмсалатын әрекеттерді алып таста. 📌 Содан соң нәтижеге алып келетін әрекеттерге сүйене отырып, мақсатың мен оның нақты мерзімін анықта. 📌 Жоспарларыңды іске асыруды жалғастыра бер. Жеткен нәтижені өз уақытымен талдап отыр. Қажет болған жағдайда мақсаттарыңа өзгеріс енгізуіңе болады. Енді мына сұрақтарға жауап бер. 1️⃣ Уақытыңның 80%-ын қайда жұмсайсың? Кітап оқуға немесе әлеуметтік желіге ме? Есіңде болсын, олар сағае пайданың 20%-ын ғана алып келеді. 2️⃣ Уақытыңның 20%-ын ғана жұмсап, 80% рахатты неден аласың? 3️⃣ Қоршаған ортаңдағы қай адамдар сені бақытты етеді? 4️⃣ Қандай 20% киімдерді аптаның 80%-да киесің? 5️⃣ Тамақтану режиміңде 80% құрайтын азық-түліктің 20%-ы қандай? Сұрақтарға жауап берген соң, талдау жүргіз. Мәселен, егер уақытыңның 80%-ын сені тек 20% бақытты ететін жандарға арнасаң, ортаңды өзгерткенің дұрыс. * * * Көшпелі қазақтың миллионерлері: Үйсіндер қандай бизнеспен айналысты? Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі - үйсіндер. Олардың негізгі территориясы Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы және Қытайдың Іле аймағы болды. Тарихқа бойласақ, үйсіндер біраз істің басын қайырып, бірнеше кәсіппен айналысқан. 1. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы - жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Бұл экономикада жетекші роль атқарды. Сондықтан болар шаруашылықты жүргізу әрі жайылымдарды пайдалану жүйесі тұрақты түрде дамып отырды. 2. Жетісуда суармалы егіншілікпен қатар тәлімі егіншілік те жақсы дамыған. Кәсіптің бұл түрінен мол өнім алып отырған. Осы кезде тайпааралық айырбас түрі де қарқынды жүрген. 1. Мал шаруашылығы мен егіншіліктен бөлек үйсіндерде үй кәсібі және қолөнер де қарқынды түрде жүрді. Әсіресе, құмыра жасау кәсібі кең етек жайған. Ыдыстар құмыра ұршықшасында жасалған және олардың түріне, пайдалану жағына қарай ерекшеліктері болды. Мәселен, ас пісіруге керамикадан жасалған жайпақ қазандарды пайдаланған. 3. Ежелгі үйсіндер шаруашылығында темір, мыс секілді металлдарды өндіру маңызды орын алды. Бұлардан еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттарды жасады. Мысалы, балта, орақ, пышақ, қала берді қару-жарақтарды атап айтуға болады. 4. Сонымен қатар алтыннан әйелдер мен ерлерге арналған зергерлік бұйымдарды да жасаған. Осы тұста, сақиналар мен түрлі бұйымдарға көз салып айналысқандарын айтпай өтуге болмайды. 5. Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, сүйектен бұйымдар жасау кәсібі де дамыған. Нақтырақ айтсақ, жануарлардың терісін өңдеп, аяқ киім, шалбар, ат әбзелдерін дайындау істерімен айналысты. 6. Сүйектен жұмырлағыштар, жебелердің ұштары, түймелер мен басқа да шаруашылық пен тұрмысқа қажетті заттарды жасап, пайдаланған. * * * Кез келген тілді оңай меңгерудің ең тиімді 3 жолы Мәселен, мақсат - ағылшын тілін меңгеру болса, төменде берілген кеңеске көз жүгіртіп шық. Аталмыш әдістерді кез келген тілді үйрену кезінде қолдануға болады. Ағылшын тілін күнделікті практикада қолдану. Бөлмеңе арнайы бір тақта қойып, ағылшын тіліндегі сөздерді жазып қой. Бөлмеңе әр кірген сайын ол сөздерге көзің түсіп, нәтижесінде санада мықтап сақталып қалады. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен телефоныңдағы қосымшаларды ағылшын тіліне ауыстырып қойғаның жөн. Бұл әдіс арқылы көзің, қолың, миың жаттығады. Мәселен, оны қолдану барысында түсінбеген сөзіңді арнайы сөздіктен іздеп, тауып, тақтаға жазып қой. Осылайша көптеген сөзді жаттап алуға мүмкіндік аласың. Достарыңмен байланысқа түскен кезде ағылшын тілін араластырып сөйле. Әлеуметтік желілерде досыңмен бір күні қазақ тілінде, екінші күні ағылшын тілінде сөйлесіп көр. Бір-біріңнің қателеріңді түзеп, тілді дамытуда үлкен жетістікке жете аласың. Бұл тәсілді пайдалану үшін сөздік қорыңды да күн сайын дамытып отыруың қажет. Ағылшын тілінде ән салу, ертегі оқу, аудио тыңдау. Ағылшын тіліндегі әндер мен ертегілерді көбірек тыңдауды әдетке айналдыр. Ән құлағыңда жатталып қалады және ән салу барысында әуеніне келтіруде қиындық туындамайды. Ал сол әндегі күрделі сөздерді қазақ тіліне аудару сөздік қорды дамытудың үздік жолы. * * * Жетістік құпиясы: Илон Масктан ТОП-12 мотивация “Өзіңізге 6 ай уақыт беріңіз. Егер өміріңізді өзгертуге шындап ниеттенсеңіз, 6 ай бойы бір нәрсені жүйелі түрде жасаңыз. Нәтижесін көретініңізге кепілдік беремін. Егер сіз бас тартсаңыз, демек оны қаламайсыз”. 📌 Қазір көп адамдар өз ісімен айналысып, аз ғана жалақы алып, жұмысының рахатын көрмей жүр. Сондықтан өзің жақсы көретін іспен айналыс, ақша қума, жаныңды жадырататын, таңертең тұруға шабыт беретін іспен айналыс. Бастаңыз, 6 ай осы қағиданы ұстаныңыз және нәтижесін көріңіз. Бастысы - тоқтамау. Осы сәтте өміріңізді өзіңіз ойлағандай өзгеретініне кепілдік беремін. “Егер адам қандай да бір дүниені өте маңызды деп санаса, ол міндетті түрде істейді. Тіпті бұл жерде мүмкіндік болмаса да.” 📌Өз ұстанымыңызға берік болыңыз және осы бағытта әрекет етуіңізді тоқтатпаңыз. Есіңізде сақтаңыз, кез келген уақытта “табысқа жете алмайсың, мұның бәрі қиял, бұл шындыққа жанаспайды” деп айтатын адамдар табылады. Алайда сіз үшін ойыңыздағы нәрсені істеу маңызды болса, оны жасаңыз. Және басқалардың пікіріне тәуелді болмаңыз. Түйсікке сену арқылы сіз жеңімпаз боласыз. «Ең қиын нәрсе – дұрыс сұрақтар қою. Мұны тапқаннан кейін, қалғанының бәрі өте оңай. Дұрыс сұрақ қоюды үйрену үшін адам санасының шегін кеңейтуге ұмтылу керек деген қорытындыға келдім. 📌 Көпшілігіміз кейбір сұрақтарға жауап іздейміз. Ал дұрыс қойылған сұрақ - жартылай тіпті толыққанды жауап алуға үлкен мүмкіндік. ”Егер сізде миллиондаған доллар болса, бұл сіздің өмір салтыңызды өзгертеді. Мен стандартты өмір жүйесімен әрекет етпеймін. Бірақ білесіз бе, мен жұмыс істеймін. Күн сайын, тіпті демалыс күндері де жұмыс істеймін. Бұған дәлел бірнеше жыл бойы демалыста болмауым”. 📌Өзінің сүйікті ісін тапқан жан табысы жетіп тұрса да, әрдайым осы салада рахаттанып жұмыс істейді. Өйткені бұл іс қуат береді және «қарғыс атсын, тағы жұмысқа баруым керек» деген сөздің орнына өзіңіздің өмір салтыңызға айналатын жобаңызды жасай бастайсыз. “Қателіктер қорқынышты емес. Ең бастысы - әрдайым жаңа нәрседе қателесу.” 📌Егер жеңіске жеткіңіз келсе, қателіктерден қорықпаңыз. Бір нәрсе жасауға тырыспаған адам еш нәрсе алмайды. Қателіктерге тап болғанда, сіз жай ғана жұмыс істемейтін әрекеттерді білесіз. Бастысы бірдей қателіктерді жасамау. Яғни, әр қадамнан жаңа нәтиже көріп, соған байланысты әрекетті тоқтатпау. Бұл табысқа жетелейтін маңызды жол. «Менің ойымша, өзіңізден кері байланыс алу өте маңызды: не істеп жатқаныңызды және оны қалай жақсырақ жасауға болатынын үнемі ойлану. Бұл - ең тиімді кеңес. Әрқашан өзіңізге сұрақ қойып, оны жақсартуға болатын жолдарды қарастырып отырыңыз”. 📌 Егер сізде жұмысыңызды жақсартуға байланысты идея болса, оны міндетті түрде жасауыңыз қажет. Өмірде заман ағымына ілесу үшін үнемі дамудың маңызы зор. Өз ойларыңызды тексеріңіз, егер сіз бәрі қазірдің өзінде жақсы екеніне және ештеңені өзгертудің қажеті жоқ екеніне көбірек сенгіңіз келсе, онда сіз өткенде қалу және компания немесе нарықтағы маман ретіндегі жетекші позицияңызды жоғалту қаупі бар. Сондықтан сіздің барлық жоспарларыңыз бен ойларыңызды талдау қажет. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
