20:15
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

«5 неге» әдісі арқылы проблемаңызды шешу жолы

Қандай да бір мәселенің шешімін таппай жүрсіз бе? Олай болса, мәселенің себеп-салдарын табуда қолданылатын – «5 НЕГЕ?» ережесін қолданып, оның шешімін табыңыз.

📌 Аталмыш әдістің авторы – Toyota компаниясының негізін қалаушы Сакити Тойода. Ол «Мен компанияда туындаған кез келген мәселені бес рет «неге?» деген сұрақты қою арқылы шешетінмін. Бұл маған барлық кезде көмектескен. Сіз де бес рет «неге?» деген сұраққа жауап беру арқылы мәселеңіздің түп төркінін анықтап, одан құтылу үшін нақты нені істеу керек екенін, не нәрсеге басты назар аудару қажеттігін түсіне аласыз» дейді.

Мысалы, сіз соңғы уақытта жалқаулыққа салынып жүрсіз делік.

📍1-сұрақ. Неге İPhone-ның жаңа моделін сатып алғыңыз келеді?

Себебі бәріне мақтанғым келеді.

📍2-сұрақ: Неге бәрін таңғалдырғың келеді?

Себебі маған бәрінің тамсанып, қызғанып қарағанын қалаймын.

📍3-сұрақ. Неге мен өзгенің тамсанғаның қалаймын?

Себебі мен өзіме сенбеймін. Әрдайым өзгенің пікірі маңызды болып тұрады.

📍4-сұрақ. Неге сен үшін өзгенің пікірі маңызды?

Себебі мен әлі толық қалыптаспадым. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмеймін.

📍5-сұрақ. Неге сен өзіңді тұлға ретінде қалыптастыра алмай жүрсің?

Себебі мен өзіме не керегін білмеймін. Істеп жүрген ісім өзіме ұнамайды.

📌Мәселенің негізгі себебі табылды. Ол – өзіңе ұнамайтын іспен шұғылданып жүруің. Шешімі – жан қалауың қалайтын жұмысты табуың.

Міне, «5 НЕГЕ?» ережесінің ерекшелігі осында. Мәселенің басты себебі 5-ші сұрақтан соң анықталады. Осыны есте ұстаңыз.

Ал сіздің дәл қазір басты мәселеңіз қайсы? «5 неге?» ережесімен себебін  анықтаңыз.

* * *

Оқуға деген құлшынысты қалай оятуға болады?

1️ Ең алдымен “не үшін үйренгім келеді” деген сұраққа жауап беріп, нақты мақсаттардың тізімін жазыңыз

Оларды қағазға жазып, көз алдыңызға елестетіңіз. Мектепке барғыңыз келмеген сәтте, сол тізімді оқып шығыңыз. Осы сәтте автоматты түрде шабыт пайда болады.

2️ Барлық істен қызықты нәрсе табыңыз

Зерттелетін материалдың сіздің өміріңізбен қандай байланысы бар екенін қарастырыңыз. Мысалы, әдеби кітапты оқудан жалықсаңыз - мұндағы кейіпкерлермен ортақ нәрсені табуға тырысыңыз. Ал егер биологияны оқығыңыз келмесе, өзіңіз және басқа тіршілік иелері туралы қаншалықты көп білетініңізді елестетіп көріңіз.

3️ Таймер пайдаланыңыз

📌Сабақ оқуға 30-50 минут бөліп, содан кейін қысқа үзіліс жасаңыз. Ол аяқталғаннан кейін оқуға қайта кірісіңіз.

4️ Өзіңізді үнемі жігерлендіріп отырыңыз

Сабақ оқып болғаннан кейін өзіңізді марапаттаңыз. Мәселен, сүйікті тамағыңызды жеп, үй жануарларымен ойнаңыз, қызықты видео қараңыз немесе ыстық ванна қабылдаңыз. Ал емтиханнан кейін өзіңізді әлдеқайда маңызды нәрсемен қуантыңыз. Мысалы, достарыңызбен кофе ішіңіз немесе көптен бері қалап жүрген нәрсеңізді сатып алыңыз.

5️ Біреумен үйреніңіз

Ол адаммен бір бөлмеде бірге тұрудың қажеті жоқ. Бірақ сіздің мәселелеріңізге бей-жай қарамайтын және сіздің жетістіктеріңіз туралы сөйлесетін адамның болуы маңызды. Бір-біріңізге әр апта сайын жасалған жұмыс туралы есеп беріп отырыңыздар. Осы кезде мақсатқа жету оңай болады және уақытты тиімді басқарасыздар.

* * *

Ал сіз адамдармен дұрыс сөйлесіп жүрсіз бе?

Табан астында суырып салып әңгіме айтып, бәрінің көңілін аулап жүретін адамдарға қызығып қарайтындар жетерлік. Себебі мұндай адамдар кез келген ортаның гүлі болып саналады.

Сондықтан олар құлақтың құрышын қандыратын тақырыптарда сөз қозғай отырып, өзінің ерекше қасиетімен көпшіліктің есінде сақталып қалады. Иә, сіз де үлкен ортада үнсіз қалмай, импровизацияңызды дамытуды көздейтін боларсыз? Ендеше, мына кеңестерді қаперіңізге сақтап, қажетіңізге жаратыңыз.

1️ Бойыңыздағы қорқынышыңызды жеңіңіз. Ол үшін үлкен жиындарға, отырыстарға жиі баруды әдетке айналдырыңыз. Себебі мұндай орта сіздің ашылуыңызға септігін тигізеді.

2️ Күнделікті айнамен жұмыс істеңіз. Күн сайын түрлі тақырыптарды арқау ете отырып, айна алдында әңгіме айтыңыз. Бұл жердегі басты мақсат – тоқтап қалмай, әңгіме айта беру.

3️ Екеуара ойын. Бұл ойында сіздің жаныңызға серік болатын досыңыздың болғаны жөн. Яғни, ол сізге түрлі тақырыптарда сұрақ қойып, тыңдап отыруы қажет. Аталмыш әдіс сөздік қорыңыздың дамуына септігін тигізеді.

4️ Конфуцийдің тілі. Яғни, сіз ашық, жабық және риторикалық сұрақтарды қойып үйренуге дағдылануыңыз қажет. Аталмыш үш сұрақтың түрімен алдағы жазбада бөлісетін боламыз.

6️ Өзіңіз жақсы білетін бір тақырыпты аласыз. Соған қатысты бірнеше тезис ұсыныасыз. Яғни, әңгіме төңірегінде толыққанды жауап беру маңызды. Сол сияқты сізге таныс емес тақырыптарда да осы әдісті пайдалана отырып, әңгіме өрбіту.

7️ Ойыңыздан ертегі құрастырыңыз. Ертегіде бір сюжеттің қайталанып кетпеуіне мән беріңіз.

* * *

1 балта - 5 құмыра: Көшпенділерде ақша айырбасы қалай жүрді?

🪙 Ақша ежелгі көшпенділер дәуірінде пайда болды. Дегенмен бастапқыда ақшаның орнына өнімдер айналымда жүрді. Ал айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды.Осылайша тауарлы өндіріс келді. Осы тауарлар ақша есебінде жүрді.

Яғни, тарихи ақшаларға тауарлар жатады. Жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар атқара бастады. Олар: мал, тұз, шай, бидай, күріш, жүн, еңбек құралы, сәнді бұйымдар, бақалшақтар.

Тауар өндірісінің қарқынды даму нәтижесінде кездейсоқ айырбас жиі қолданыла бастады.

Мәселен, бидайды етке, майға, жүнге және тағы басқаға айырбастауға мүмкін болды.

Осы тұста, 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай сынды басқа да тауарларды осы формада айырбастап отырған.

Уақыт өте келе ақша қызметін металлдар атқарды.

Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланды. Ал біздің заманымыздың I ғасырында салық ретінде алтын, күміс құймаларды алып тұрған.

Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит жазуы бар теңгелер жасап, сауда айналымына кіргізген.

Қазақ халқын құраған тайпалар Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың бірінші жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырар — бұл Қазақстан тұрғындары ғасырлары бойы пайдаланып келген ақшаның бүкіл тарихы көрсетілген уақыт айнасындай болған ежелгі қала.

* * *

Оратор болудың 5 жолы

ОРАТОР деген кім?

Оратор - үлкен аудиторияны өзіне қаратып, ойын жүйелі жеткізе алатын тұлға. Әрі оратор тыңдаушыны өзіне баурап алу үшін әдемі сөйлеумен ғана шектелмей, әртістік  қабілетті де дамытқаны абзал.

⠀📍1.Тілді түрлі паразит сөздерден тазарту. Ол үшін  алдымен, паразит сөздерді тізіп шығыңыз.

Мәселен, уже, блин, ужас, давай, т.б. Содан кейін бұл  сөздерді мәдениетті сөзбен алмастырыңыз: уже келдің бе? - келіп қалыпсың ғой; блин не істесем болады? – қап, не істесем екен?

⠀📍2. Сөздік қорды дамыту. Күнделікті жаныңызға жақын өлең жолдарын жатқа оқыңыз!

Мәселен, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, сонымен қатар қазіргі поэзияға қалам тербеп жүрген Ақберен Елгезек, Бек Жылқыбаев сынды тұлғалардың туындыларына көз жүгіртіп шығуға кеңес береміз!

⠀📍3. Қызығушылықтары әртүрлі  адамдармен араласыңыз! Әр сала мамандарымен қарым-қатынас құру - сіздің тұлғалық жетілуіңізге оң әсерін тигізеді.

Егер араласатын достарыңыз бен таныстарыңыз аз болса, желіде ұйымдастырылып жатқан түрлі тимбилдингтер мен қайырымдылық шараларына қатысу кез келген адам үшін қолжетімді.

Себебі, мұндай іс- шараларға бару сізден көк тиын да сұрамайды.

⠀📍4. Кез келген ортада сөз бастамас бұрын айтатын ойыңызды жинақтап алыңыз! Бұл түрлі ыңғайсыздық тудыратын жағдайлардың алдын алады.

Мәселен, айтатын сөзіңізді ақ параққа жазыңыз! Соңынан ойыңызды анық жеткізетіндей сөздерге басымдылық беріңіз. Яғни,  екпін (акцент) түсіру.

⠀📍5. Жаңылтпаш жаттауды әдетке айналдырыңыз! Бұған қоса, шетелден енген түрлі терминдік атаулар айтып, тіліңізді ширатыңыз! Және олардың мағынасын білуді де назардан тыс қалдырмаңыз!

Жоғарыда келтірілген  кеңестерді  күнделікті қолданысыңызға енгізсеңіз, сізден мықты оратор шығатыны сөзсіз.

* * *

Қазақ тіліндегі мотивациялық 3 кітап

Өзгенің емес, өзіңнің мақсатына жет! Екінші болма!”. Иә , бұл белгілі кәсіпкер - Қуаныш Шонбайдың сөзі. Ал мақсатқа жету үшін ең алдымен бізге рухани дамушы күш қажет. Бұл - әрине, кітап. Көпшілігімізге біреудің жеткен жетістігі қызық болып жатады.

Мұндай қадам таңғалдырумен қатар, қанаттандыратыны да анық. Сондықтан мотивацияңыз төмендеген кезде табысқа кенелген адамдардың кітаптарын оқып тұрған жөн. Осыны ескере отырып, назарларыңызға қазақ тіліндегі мотивациялық кітаптар топтамасын ұсынамыз. Аталмыш туындыларды оқи отырып, бір серпіліп қалатыныңызға кепілдік береміз.

1️ «Кто заплачет когда ты умрешь», Робин Шарма

Бұл шығарманың атауы қорқынышты көріну мүмкін. Алайда кітапты оқу барысында оның сәтті қойылғанын мойындайсыз. Өзінің бұл туындысында Робин адамдарға 101 кеңесін айтады. Осы арқылы оларға мотивация беріп, көптеген проблемадан құтылудың жолын айтады. Робин Шарманы қазіргі таңдағы жастардың мотиваторы деп айтса да болады. Сондықтан дәл осы шығарманы оқуға кеңес береміз. Автор бақытты әрі табысты болуға бірнеше маңызды кеңес ұсынады.

−Таңертең ерте тұру

−Тек шындықты айту

−Әр күні жақсылық жасау

−Істегің келетін жұмысты емес, жасауға тиіс жұмысты істеу

−Әр күнді көңілді бастау

−Жақсылық ойлау

−Болжап емес нақты сөйлеу

−Ағаш отырғызу

−Жиі суретке түсу (осы кеңес маған арналған секілді)

−Негативті ойлардан аулақ болу т.б

2️ «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», Бақытжан Бұқарбай

Саясаттанушы, журналист, Amal Books баспасының жетекшісі - Бақытжан Бұқарбайдың аталмыш кітабында —  қазақ кәсіпкерлерінің, соның ішінде Forbes тізіміндегі бизнесмендердің ең таңдаулы тәжірибесімен таныстырады. Туындыны оқи отырып, 10 есе пайда аласыз. Неге дейсіз бе? Себебі сіз өз бетіңізше тәжірибе жинақтауға жұмсайтын уақытты 30 жылға дейін үнемдей аласыз. Кітапта Шынар Бұғымбаева, Райымбек Баталов, Марғұлан Сейсембай, Арманжан Байтасов, Нұрлан Смағұлов, Елдар Әбдіразақов, Қайрат Құдайберген, Қуаныш Шоңбай сынды бизнесмендердің тәжірибелері көрсетілген.

3️ «Финляндия - ақ лалагүлдер өлкесі», Григорий Петров

«Финляндия - ақ лалагүлдер өлкесі» кітабында – Финляндияның мәдени, рухани тоқырауды жеңіп, мемлекет ретінде жаңа мәдениет сатысына көтерілгені баяндалады. Бұл кітап өз мемлекетінің  даму жолында табандылықпен күресуге бел буған ұлт үшін осы жолда қандай бағыт ұстану керектігін көрсететін бағдаршам іспеттес. Осы тұрғыдан алғанда, бұл кітап – күллі түркі жұртының жастары үшін батыс өлкелерінің өткені мен бүгініне жақыннан үңілуге мүмкіндік беретін таптырмас туынды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: