11:22 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз |
* * * Мотивацияны оятатын ТОП-7 фильм Кейде өмірде жігеріміз мұқалып, алға жылжу қиынға соғып жатады. Осындай сәтте жақсы фильмдер жаңа серпін беріп, қайта күш жинауға көмектеседі. Назарларыңызға мотивацияны оятатын ең әсерлі фильмдерді ұсынамыз. 1️⃣ “Погоня за счастьем” (2006) Шынайы өмірден алынған оқиға Крис Гарднердің өмірін баяндайды. Банкротқа ұшырағаннан кейін ұлы екеуі далада қалады, бірақ Кристің сағы сынбайды. Ол өз арманын жүзеге асыру үшін қиындықтармен күресіп, түбінде табысқа жетеді. 2️⃣ “1+1” (2011) Бұл фильм мүмкін емес нәрсенің жоқ екенін дәлелдейді. Ауыр жарақаттан кейін арбаға таңылған бай бизнесмен күтуші ретінде қарапайым жігітті жұмысқа алады. Олардың достығы өмірдің қиындықтарын жеңуге және бақыттың әртүрлі формада болатынын түсінуге көмектеседі. 3️⃣ “Воин” (2011) Бала кезден айырылысқан екі ағайынды жекпе-жек турнирінде қайта кездеседі. Олардың әрқайсысы өз мақсатымен рингке шығады, бірақ ең басты күрес – өз-өздерін жеңу. Бұл фильм ерік-жігердің, отбасылық құндылықтарды айқын көрсетеді. 4️⃣ “Одержимость” (2014) Табысқа жету жолында қаншалықты алысқа бара аласыз? Бұл фильмде жас барабаншының музыкадағы жетістікке жету үшін жасаған құрбандықтары көрсетіледі. Ұстазының қаталдығына қарамастан, ол өз мақсатына жету үшін шегінбейді. 5️⃣ “Рокки” (1976) Кәдімгі жігіт Рокки Бальбоа чемпиондық атақ үшін күресуге мүмкіндік алады. Оның еңбекқорлығы мен қайтпас қайсарлығы кез келген арманыңа жетуге болатынын дәлелдейді. 6️⃣ “Железная леди” (2011) Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчердің өмір жолы – нағыз табандылық пен сенімнің үлгісі. Қарапайым отбасынан шыққан әйелдің саясаттағы биік шыңға жетуі оңай болмады. 7️⃣ “Стажер” (2015) 70 жастағы Бен – зейнетке шыққан кәсіпкер. Ол жас стартап компанияға тағылымгер ретінде жұмысқа орналасады. Оның өмірлік тәжірибесі мен позитивті көзқарасы айналасындағыларға шабыт береді. Бұл фильм мотивацияның жасқа тәуелді емес екенін көрсетеді. Қорытынды Өмірде қиындықтар кездессе де, бастысы – берілмеу. Бұл фильмдер сізге жігер беріп, жүрегіңізге сенім ұялатады. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз, тек алға ұмтылыңыз! * * * Жаңа кинолар хақында "Молда" комедиясы. Қанқұйлы қылмыстардан тайынбайтын қатігез адам бастығының тапсырмасын орындамағаны үшін сатқын атанып, өлім жазасына кесіледі. Оны өлтіру үшін ТМД-ның қылмыстық топтары бірігеді. Ал аман қалудың жалғыз жолы–мешітке жасырынып, молда кейпіне ену болады. Басты рөлдерде: Мадияр Серікбаев, Еркін Әбдіреш, Жанболат Найзабеков, Дана Тұрарбек. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LxcRQM0KrsI "Албасты" мистикалық драмасы. Салтанат есімді қыздың өмірі қайғы мен қасіретке толы еді. Бір күні оның қолына сиқырлы кітап түседі. Сол сәттен бастап қызбен аңыздарда айтылатын тылсым жаратылыс – Албасты сөйлесе бастайды. Ол Салтанатқа көмектесуге уәде береді. Алайда бұл көмектің өтеуі тым ауыр болмақ… Басты рөлдерде: Марат Әміраев, Раушан Орынтай, Айнұр Күншігарова, Назым Мұхадиева. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ICRF0MNpgjI "Кімге керексің?” комедиясы. Ұзақ жылдар бойдақ боп келген Асхат шаңырақ көтереді. Алайда ол үш айдан соң ажырасып тынады. Сөйтіп бұрынғы әйелі Гүлжан заттарын алуға келгенде, оның қайта тұрмысқа шығуға дайындалып жүргенін біледі… Басты рөлдерде: Шерхан Пирназар, Фариза Ескермес, Нұрболхан Шарапов, Әсел Асқар. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=UNvSB_puk_E "Оставь это ветру" мелодрамасы. Бұл фильм кәсіпкер әйел мен қамсыз жүрген спортшының махаббат хикаясына негізделген. Екеуінің өмір салты мен көзқарасы мүлде үйлеспейді. Алайда тағдыр оларды бір компанияның директорлар кеңесінде жолықтырады. Екі түрлі әлемнің адамдары бір-бірінен рухтас жан таба ала ма? Басты рөлдерде: Ханде Эрчел, Барыш Ардуч. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=VjEWobbHO5Y "Дети леса" шытырман оқиғалары. Караг – қарапайым жасөспірім сияқты көрінгенімен, оның жанарында жасырынған тылсым сыр бар. Ол – жартылай адам, жартылай қабыланға айналатын ерекше қасиетке ие. Басты рөлдерде: Вив Ли Томас, Эмиль Шериф. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=qj8KhNt_ne4 "Отравленная любовь" драмасы. Лукас пен Эдит он жылдан кейін алғаш рет жалғыз перзенттері жерленген қабірдің басында жолығады. Басты рөлдерде: Тим Рот, Трин Дюрхольм. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Oh-OeC4QuIk “Субстанция: Идеал” қорқынышты фильмі. Дарынды студент қыз сұлулығымен де, танымалдығымен де ерекшеленбейтін. Үмітін үзген сәтте, ол адамды түбегейлі өзгертетін дәріні қолдануға бел буады. Алайда сұлулық құрбандықты талап етеді… Басты рөлдерде Джоен Сон, Эден Харт. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=y9lmud-QZxc "Супергномы" мультфильмі. Сұлу да сүйкімді Эльфи – адамдарға жасырын көмек көрсететін ергежейлілер тайпасының мүшесі. Бір күні олар дамыған ергежейлілер кланының бар екенін біледі. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ucFyVGWkZWg баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |