10:24 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * SMART әдісімен мақсат қою: табысқа жетудің 5 қадамы ☑️ SMART әдісі – мақсаттарыңызды айқындап, оларды жүзеге асыруға көмектесетін тиімді құрал. Әр әріп мақсат қоюдың белгілі бір қағидасын білдіреді, осы принциптерге сай мақсат қою арқылы оған жету жолын нақты жоспарлай аласыз. 1️⃣ S – Specific (Нақты) Мақсат анық әрі нақты болуы керек. Нақты мақсатқа қол жеткізу жеңіл, өйткені не істеу керек екенін білесіз. Мысалы: “Денсаулығымды жақсарту” дегеннен гөрі “Күніне 2 литр су ішу” немесе “Аптасына 3 рет жаттығу залында спортпен айналысу” деген нақтырақ. 2️⃣ M – Measurable (Өлшенетін) Мақсатқа жету жолында өз прогресіңізді бақылау үшін оны өлшеуге мүмкіндік болуы керек. Өлшенетін мақсаттар сізге нәтижеге қаншалықты жақындағаныңызды көрсетеді. Мысалы: “Көп оқу” дегеннен гөрі “Айына 2 кітап оқу” деген нақты және өлшенетін мақсат болады. 3️⃣ A – Achievable (Қолжетімді) Мақсатқа шынайы түрде қол жеткізе алатыныңызға сенімді болуыңыз керек. Мақсат тым үлкен не қол жетпестей болса, ол шабытыңызды бәсеңдетуі мүмкін. Мақсатты қоярда өз мүмкіндіктеріңізді ескеріңіз. Мысалы: “Жыл соңына дейін миллионер болу” деп армандау жалпы әрі қолжетімсіз болуы мүмкін, ал “ай сайын табысымды 10%-ға арттырғым келеді” – деу қолжетімді әрі нақты мақсат. 4️⃣ R – Relevant (Маңызды) Мақсат өміріңізде маңызды әрі құнды болуы қажет. Ол жалпы өмірлік мақсаттарыңызға сәйкес келуі керек. Мысалы: “Жұмыс орнын ауыстыру” мақсат болса, оның не үшін қажет екенін түсіну маңызды. Егер жаңа тәжірибе мен табысқа ұмтылу болса, онда ол тиімді мақсат болмақ. 5️⃣ T – Time-bound (Мерзімі белгіленген) Мақсаттың нақты мерзімі болуы керек. Бұл мерзім сізді ынталандырып, әрекетке итермелейді. Мақсатты орындау уақыты белгілі болса, соған сай жоспар құра аласыз. Мысалы: “Жақында саяхаттау” дегеннен гөрі “Қараша айына дейін Түркияға саяхаттау үшін қаражат жинау” деп нақты мақсат қойған жөн. Ендеше, SMART әдісін қолдану арқылы мақсаттарыңызды нақты, қолжетімді әрі мағыналы етіп жазыңыз. Сонда жетістікке бір табан жақындайтыныңыз айқын! * * * Time Blocking әдісі арқылы уақытты басқарудың 6 жолы ⏰ Time Blocking – уақытты тиімді басқарудың бір әдісі, онда әр тапсырмаға немесе іс-әрекетке арнайы уақыт блогы арналады. Бұл әдіс адамға уақытын нақты жоспарлауға және басымдықтарды нақты анықтауға көмектеседі. Әдістің мәні – күн-апта бойындағы әр сағат немесе минут алдын ала жоспарланып, әр блок тек бір тапсырмаға арналады. Time Blocking әдісін қолдану қадамдары: 1️⃣ Тапсырмаларды анықтау Алдымен барлық атқарылуы қажет істің тізімін жасап, соларды негізгі санаттарға (жұмыс, жеке уақыт, демалыс, т.б.) бөлуіңіз керек. Содан соң әр санаттағы тапсырмаларды маңыздылығына қарай реттестіріп шығыңыз. 2️⃣ Әр тапсырмаға уақыт бөлу Әр тапсырмаға қанша уақыт қажет екенін ойластырып, нақты уақыт блогын арнаңыз. Мысалы, маңызды кездесулер үшін 1 сағат, ал электрондық поштаны тексеру үшін 15 минутыңызды бөлуге болады. 3️⃣ Блоктарды күнтізбеге енгізу Тапсырмаларға арналған уақыт блоктарын күнтізбеге енгізіңіз. Бұл блоктарды нақты уақытта орындау мақсатында ескертпе қойсаңыз да болады. Ең кең таралған тәсіл – Google Calendar. Алайда басқа да цифрлық күнтізбелерді қолдану - жеке таңдауыңыз. 4️⃣ Блоктар арасында үзіліс жасау Уақыт блоктарын жоспарлау кезінде олардың арасына қысқа үзілістерді қосыңыз. Бұл демалып, зейінді арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 45 минут жұмыс істеп, 10-15 минут үзіліс жасауға болады. 5️⃣ Икемділік Time Blocking кезінде кейде күтпеген оқиғалар болуы мүмкін. Сондықтан өзгерістерге икемді болу маңызды. Егер күтпеген жағдай орын алса, басқа уақытқа көшіру үшін арнайы бос блоктар қалдырыңыз. 6️⃣Талдау және жетілдіру Апта соңында өткен тапсырмаларды талдап, қай блоктың тиімді болғанын және қайсысын жақсарту қажет екеніне баға беріңіз. Осы талдаудың нәтижесінде келесі аптадағы уақыт блогын жетілдіруге болады. Time Blocking әдісінің артықшылықтары: ▪️Нақты мақсат қою Әрбір тапсырма үшін арнайы уақыт бөлінгендіктен, алаңдамай, нақты бір іске назар аудару жеңіл болады. ▪️Уақытты бақылау Бұл әдіс уақыттың нақты қай бағытқа жұмсалып жатқанын көрсетіп, тиімсіз әрекеттерден арылуға көмектеседі. ▪️Басымдықтарды анықтау Алдымен маңызды тапсырмаларға уақыт бөлу арқылы маңызы төмен істерге уақыт қалдырмай, басымдықтарды дұрыс қоюға мүмкіндік береді. ▪️Алаңдаушылықтан арылу Әр тапсырма үшін арнайы блок жоспарланғандықтан, бір уақытта бірнеше іс-әрекет жасаудың қажеттілігі болмайды, бұл зейінді арттырады. ❓Time Blocking тәсілін қайда қолдануға болады? ✔️Жұмыс күнін жоспарлау – маңызды кездесулер, жобалар, тапсырмалар және үзілістер үшін блоктар жасау. ✔️Тіл үйрену – күнделікті сөйлесуге, жазуға, тыңдауға және оқуға арналған блоктар құрап, мақсатқа жету. ✔️Жеке дамуға арналған уақыт – спорт, кітап оқу, медитация сияқты істерді жоспарлау. Time Blocking-ті күнделікті өмірге енгізе отырып, уақытты тиімді пайдаланып, күннің әр сәтін өнімді етуге қол жеткізе аласыз. * * *
Ақша жинауға көмектесетін ТОП-5 телефон қосымшасы Қазіргі таңда көпшілігімізге ақшаны сақтау мен оны есептеудің бірнеше жолы белгілі. Алайда ақпарат ағынының көп болуына байланысты оқырмандардың басым көпшілігі ненің тиімді екенінен бейхабар болып жатады. Ендеше бүгін ақша жинауға жол ашатын бес қосымшаны назарларыңызға ұсынамыз. 1️⃣ Monefy Monefy - қаржыны есептеуге арналған ең ыңғайлы әрі танымал қосымша. Мұнда шығындарыңыз бен кірістеріңізді бақылауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар бюджет құруға, несие картасы мен шот бойынша берешек туралы хабарландырулар алуға болады. Қосымша қаржылық әдеттеріңізді талдауға жағдай жасайды және қаржылық мақсатыңызға жетуге көмектесетін түрлі ұсыныстар ұсынады. Monefy қолданбасының интерфейсі өте ыңғайлы. Шығындарды санат немесе уақыт кезеңі бойынша бөлуге болады. Кірістірілген калькулятордың көмегімен статистиканы талдап, бюджетті есептеуді жеңілдетеді. 2️⃣ CoinKeeper CoinKeeper қосымшасы кірістер мен шығыстарды бақылап отыруға арналған. Оның ерекшелігі көп функционалды болуында. Тегін нұсқасында шығыстар мен кірістерді қолмен енгізу қажет. Ал ақылы нұсқасы уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. CoinKeeper шығындардың белгілі бір санаттарына шектеулер қоюға, әртүрлі валюталарды есепке алуға, төлемдерді жоспарлауға, және қолданбаны басқа телефондармен, планшеттермен және компьютерлермен синхрондауға мүмкіндік береді. 3️⃣ Wallet Wallet – ақша, бюджет, қаржы және шығыс есебін ұзақ мерзімді жоспарлауға арналған қаржылық есеп бағдарламасы. Бұл - халықаралық бағдарлама, себебі әлем бойынша 4000 банкпен синхрондалады. Ең үлкен артықшылығы - банктерден ақпаратты импорттай алу мүмкіндігі. Wallet бағдарламасы мәліметтерді кестелерге экспорттап, қаржыны дәл бақылауға мүмкіндік беретін толық есеп береді. 4️⃣ YNAB (You Need A Budget) YNAB - бюджет құруға арналған қуатты құрал. Ол шығындарыңызды бақылауға, қаржылық мақсаттарыңызды белгілеуге және ақшаңызды басқаруға көмектеседі. YNAB-тың басты ерекшелігі - ақшаңыздың қайда кететінін нақты біле аласыз. 5️⃣ PocketGuard PocketGuard - қаражаттың қайда кетіп жатқанын бақылауға көмектесетін қарапайым қосымша. Бұл қосымша шығындарыңызды, кірістеріңізді және шоттарыңызды бақылап, сіздің бюджетіңізге сай ақшаңыздың қанша бөлігін жұмсай алатыныңызды көрсетеді. Нәтиже: Ақша жинау мен басқарудың тиімді тәсілдерін іздейтіндер үшін аталған қосымшалар қаржылық тұрақтылыққа жетуге көмектеседі. Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін бағдарламаны таңдап, қаржыңызды тиімді жоспарлауға кірісіңіз! * * * Жаңа кинолар хақында "Кеттік бәрін таста" комедиясы. Қаныбек пен Қайролла - сәтсіздікке ұшыраған актерлер. Екеуімен ешкім жұмыс істегісі келмейді. Бірақ олар сонда да өздерін Голливудқа лайықпыз деп санайды. Кенеттен оларға Ташкенттің продюсерлері қызығушылық танытады. Басты рөлдерде: Қайрат Әділгерей, Қанат Әлжапбаров, Уәлибек Әбдірайымов, Диана Ягофарова, Қанай Нұрболат. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=4mvnaVx79cs "Salem, SOS-ед!” комедиясы. Екі отбасы бір үйді екі рет сатып алу арқылы алаяқтың құрбаны болады. Құқық қорғау органдары алаяқты іздеп жатқанда, өмір сүру салты бір-біріне ұқсамайтын кейіпкерлер бір үйде тұруға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Айдос Қожахметов, Жандарбек Садырбаев, Гайни Кукатова, Гаухар Сағынғалиева. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=YEfMEUw7TKs "Время жить" мелодрамасы. Кездейсоқ апат Альмут пен Тобиастың тағдырын тоғыстырады. Енді олардың сүйкімді қыздары мен жайлы үйі бар. Сонымен қатар мансаптары да дөңгелеп тұр. Алайда бір күні бақытты отбасының тыныштығы бұзылады. Олар жайсыз жаңалықты естиді. Альмут ауыр дертке шалдығып, онымен күресуге тура келеді. Басты рөлдерде: Эндрю Гарфилд, Флоренс Пью. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=0PIBUqByhpE “Ученик. Восхождение Трампа” өмірбаянға негізделген драмасы. Жас Дональд Трамп Манхэттенде жылжымайтын мүлік саудасымен айналысады. Оның тұтынушыларының қатарында бизнесмендер, кино жұлдыздары, саясаткерлер мен Американың ең қауіпті қылмыскерлері де бар. Ал олардың арасында аман қалу үшін мықты байланыстар қажет. Басты рөлдерде: Себастиан Стэн, Джереми Стронг. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=tDkq5AYc0xI "Тайная любовь Казановы" мелодрамасы. Жас Лючия мен Джакомо алғаш кездескен сәтте бір-біріне ғашық болып қалады. Алайда көп ұзамай Лючия шешек ауруына шалдығады. Өмірінің бұралаң жолын қабылдауға тырысқан кейіпкер Италиядан кетіп, өткен өмірімен барлық байланысын үзеді. Басты рөлдерде: Зузовскийдің сыйы, Джона Хауэр-Кинг. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=k0qt3c-sBZ0 "Астрал. Игры призраков" қорқынышты фильмі. Топ пранкерлер түнде ел үрейленетін үйлерге жасырын кіріп, “елестер ойынын” ұйымдастырып, тұрғындарды шошытуға тырысады. Дегенмен бір күні олар шынайы елестермен бетпе-бет келіп, солардың ережесімен ойнауға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Киа Дорси, Зейн Хайдар. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=8Aq7NiLJQCY “Заклятие: Реинкарнация отца” қорқынышты фильмі. Айзектің әкесі кенеттен қайтыс болып, ол өгей анасының қамқорлығында қалады. Көп ұзамай балаға марқұм әкесінің елесі көріне бастайды. Әкесінің келбеті қорқынышты, ал әрекеттері үрей тудырады. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=S1vfeWuFtis "Лес чудес" мультфильмі. Батыл әрі шығармашылыққа ерік берген Анжело шытырман оқиғаға толы өмірді армандайды. Өзін сынап көруге мүмкіндік туған кезде, оның отбасы сүйікті әжесіне бару үшін жолға шығады. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=PBPfFbIdXWE "Диплодочек и волшебные миры" мультфильмі. Шытырман оқиғаға құштар кішкентай динозавр өзінің комикс кейіпкері екенін білмейді. Оны суретші Тед ойлап тапқан. Баспа директоры ескі оқиғалардан құтылуды ұсынған кезде, Тед өшіргішті қолына алып, джунгли мен кішкентай Диплодоктың үйін өшіре бастайды. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=zPYy0Ybflec баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |