11:07
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Голливудтың ең беделді 5 актері және олардың жетістік жолы

Голливуд — әлемнің ең ірі киноиндустриясының жүрегі. Мұнда жұлдызға айналған актерлердің табысқа жету тарихы кез келгенімізге шабыт сыйлайтыны анық. Олардың еңбекқорлығы, табандылығы және өнерге деген сүйіспеншілігі талай жанға үлгі болып келеді. Ендеше назарларыңызға Голливудтың ең атақты актерлерінің жетістік жолын ұсынамыз.

1️⃣ Леонардо Ди Каприо

Леонардо Ди Каприоның актерлік мансабы бала кезінен басталды. Оның алғашқы табысы “Бұл баланың өмірі” фильмінен кейін келді. Ал әлемдік атақты 1997 жылы “Титаник” фильмі әкелді. Ол актер ғана емес, белсенді табиғат қорғаушы ретінде де танылды. Әрбір рөліне үлкен жауапкершілікпен қарайтын Ди Каприо “Оскар” марапатын 2016 жылы алды.

2️⃣ Том Круз

Том Круз – Голливудтың ең табысты актерлерінің бірі. Оның мансабы жас кезінен бастау алды. “Жоғары жылдамдық” (“Top Gun”) фильмінен кейін ол әлемге танымал бола бастады. Круздың табандылығы мен рөлдерге толықтай берілуі оны үздік актерлер қатарына қосты. Ол трюктерді өзі орындап, көптеген фильмдк кәсібилігімен ерекшеленді.

3️⃣ Мерил Стрип

Мерил Стрип – Голливудтағы ең беделді актрисалардың бірі. Оның карьерасы 1970 жылы басталды. Өнер иесі өз рөлдерін әртүрлі жанрда ойнап, 21 мәрте “Оскар” сыйлығына үміткер болды. Стрип әрбір рөліне терең дайындалды. Ерекше шеберлігі мен таланты арқылы Голливудтың ең беделді актрисасына айналдырды.

4️⃣ Роберт Дауни мл.

Роберт Дауни мл. актерлік мансабын бала кезінен бастады. Бірақ есірткіге деген тәуелдік өміріне көп қиындық әкелді. Соған қарамастан, оның сағы сынып, жігері мұқалмады. Нәпсісімен толық күресе білген актер мансаптық жолын жоғары табандылықпен жалғастырды. Осылайша ұзақ уақыт үзілістен кейін “Темір адам” рөлі арқылы әлемге танылды. Оның өмір тарихы – қиындықтарды жеңіп, табысқа қол жеткізуге болатынын дәлелдеді.

5️⃣ Анджелина Джоли

Анджелина Джоли актерлік шеберлігімен ғана емес, гуманитарлық қызметімен де танымал. Ол БҰҰ-ның босқындар істері бойынша елшісі ретінде айтарлықтай жұмыс атқарып, қайырымдылық жобаларға атсалысып келеді. Сонымен қатар Джоли режиссер ретінде де бірнеше фильм түсіріп, өз талантының тағы бір қырын көрсетті.

Қорытынды

Голливуд актерлері жетістікке жету жолында түрлі қиындықты бастан өткерген. Олардың жетістік тарихы – талмай еңбек етіп, арманыңызға берік болудың арқасында үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетеді. Бұл жұлдыздар кино өнеріне үлес қосып қана қоймай, көпшіліктің көзіндегі отынын жануына көмектесті.

* * *

Тілді оңай меңгерудің ең тиімді 6 жолы

Біз ұсынған кеңеске көз жүгіртіп, кез келген тілді оңай әрі жылдам түрде үйреніңіз.

1️⃣ Күнделікті тәжірибе (20-30 минут)

Тілді үйрену үшін күн сайын 20-30 минут уақыт бөліңіз. Жаңа сөздер жаттап, оларды сөйлемдерде қолданып, күнделікті әрекеттеріңізге қатысты мысалдар келтіріңіз.

2️⃣Контентті өз тіліңізге бейімдеңіз (аптасына 3-4 рет)

Аптасына 3-4 рет сүйікті фильмдеріңізді, сериалдарды, YouTube видеоларын үйреніп жатқан тілде көруге кеңес береміз. немесе сүйікті кітаптарыңызды сол тілде оқыңыз. Бұл әдіс тілге жақын болуға көмектеседі.

3️⃣Тілдік ортаға ену (аптасына 1-2 рет)

Аптасына кем дегенде 1-2 рет тілдік ортаға кіріп, сол тілде сөйлейтін адамдармен сөйлесіңіз. Тілдік клубтарға немесе онлайн сөйлесу топтарына қосылыңыз. Сөйлесуге ұялып, қате жіберуден қорықпаңыз – қателіктер арқылы тіл дамиды.

4️⃣ Жазып және дауыстап оқу (күн сайын 15 минут)

Дауыстап оқу арқылы сөздердің дұрыс айтылуын үйреніңіз. Күн сайын кем дегенде 15 минут дауыстап оқу дағдыларыңызды дамытады. Сонымен қатар, күнделік жүргізіп, жаңа сөздерді жазып отырыңыз.

5️⃣ Ойын түріндегі оқу (аптасына 2-3 рет)

Ойындар немесе викториналар арқылы сөздер мен грамматиканы меңгеріңіз. Аптасына 2-3 рет осындай интерактивті әдістерді пайдалану сізді қызықтырады және ақпаратты есте сақтау қабілетін жақсартады.

6️⃣ Мақсат қойыңыз (ай сайын/апта сайын)

Тілді меңгеруде нақты мақсаттар қойыңыз. Мысалы, ай сайын 100 жаңа сөз жаттау, апта сайын бір шағын әңгіме немесе эссе жазу. Бұл мақсаттар сізді қамшылайды.

Тілді меңгеру үшін күніне кем дегенде 20-30 минут уақыт бөліп, тұрақты тәжірибемен айналысыңыз. 3-6 ай ішінде жүйелі түрде жаттықсаңыз, елеулі нәтижелерге қол жеткізе аласыз.

* * *

Көшпелі қазақтың жер пайдалану әдісі: оның қазіргі экономикаға әсері қандай?

Көшпелі қазақтардың өмір салты мен экономикасы жерді тиімді пайдалануға негізделді. Бүгінгі Қазақстанда да көшпелі дәстүрдің ізі сақталып, ауыл шаруашылығының маңызды салалары жерді тиімді пайдалануға сүйенеді. Төменде осы жүйенің негізгі қадамдарын ұсынамыз.

1️⃣ Көшпелі өмір салтының негізі – жерді тиімді пайдалану

Көшпелі қазақтардың экономикалық жүйесінің басты ерекшелігі – жерді маусымдық көші-қон арқылы пайдалану. Жазғы жайлаулар мен қысқы қыстаулар арасында малды көшіріп отыру табиғи ресурстарды сақтап, жайылымдардың тозуын алдын алды. Бұл жүйе табиғатпен үндесіп, жер байлығын сақтауға мүмкіндік берді.

2️⃣ Жер – байлықтың көзі

Көшпелі қоғамда жердің құндылығы оның кеңдігі мен жайылымдығымен өлшенді. Әр ру мен қауымның белгілі бір жер аумағы болды, ол маусымдық көші-қон кезінде қолданылды. Жердің құнарлығы мен судың жақындығы мал басының көбеюіне және шаруашылықтың дамуына ықпал етті.

3️⃣ Экономикалық тиімділік

Көшпелі жер пайдалану жүйесі табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді. Қазақ даласында жайылымға арналған жерлердің әртүрлігі малдың тез көбеюіне және сапалы ет пен жүн өнімдерінің өндірісіне оң әсер етті. Бұл экономиканың негізгі тірегі ретінде жердің рөлін айқындады.

4️⃣ Қазіргі әсері

Бүгінгі күні Қазақстанның 180 миллион гектардан астам жайылымдық жері бар. Бұл – көшпелі ата-бабаларымыздың дәстүрлі жер пайдалану жүйесінің бүгінгі ауыл шаруашылығына тигізген әсері. Мал шаруашылығының табысты болуы осы үлкен жайылымдық аймақтарды дұрыс пайдалануға байланысты.

5️⃣ Экологиялық тепе-теңдік

Көшпелі қазақтардың жерді пайдалану тәсілі табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Табиғи ресурстарды тиімді игеру, жайылымдарды кезек-кезек пайдалану қазіргі замандағы экологиялық тұрақтылықтың үлгісі болып отыр.

  •  * * *
  • “Кекейбо” әдісімен ақшаны қалай жинаймыз?
  • Жапондықтар қаржыны тиімді басқаруға ерекше мән береді, ал олардың “какейбо” атты дәстүрлі ақша жинау әдісі әлем бойынша кең танымалдыққа ие. Бұл әдіс қарапайым қағаз журнал арқылы шығындарыңызды бақылап, саналы түрде ақша үнемдеуді үйретеді.
  • “Какейбо” деген не?
  • – жапон тілінен аударғанда “үй шаруашылығының қаржы журналы” деген мағынаны білдіреді. Бұл әдісті алғаш рет 1904 жылы Хани Мотоко есімді жапондық әйел журналист ұсынған. Оның негізгі мақсаты – адамдарға қаржыларын жүйелі түрде басқаруға көмектесу, шығындарды бақылау арқылы саналы түрде ақша үнемдеу дағдыларын дамыту болды.
  • қағидасы
  • әдісін қолдану үшін бар болғаны бір дәптер немесе арнайы журнал қажет. Әр айдың басында табыстарыңызды және күтілетін шығындарыңызды жазып, нақты қаржылық мақсаттарды анықтайсыз. Жапондық әдіс негізінде мына төрт маңызды сұраққа жауап беру керек:
  1. Қанша ақша бар? – Айдың басында сізде қанша қаражат барын анықтаңыз.
  2. Қанша ақша жұмсау керек? – Негізгі қажеттіліктер мен міндетті шығындарыңызды есептеңіз.
  3. Қанша ақша үнемдеуге болады? – Жоспарлы түрде үнемдеу үшін ай сайынғы шығындардан қанша бөлігін үнемдеуге болатынын шешіңіз.
  4. Қандай қадамдар арқылы үнемдей аламын? – Артық шығындарды азайтып, ақшаны тиімді жұмсауға мүмкіндік беретін шешімдерді табыңыз.
  • Әдістің пайдасы неде?
  • қаржыны саналы түрде бақылауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс сіздің барлық шығындарыңызды көрнекі түрде көрсетіп, артық шығындардан арылуға, белгілі бір мақсатқа жету үшін қаржыңызды үнемдеуге көмектеседі. Оның үстіне, “какейбо” ойланбастан шығын жасау әдетін тежеп, қаржылық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.
  • БАСАУҒА БОЛАДЫ?
  • ️ Ай сайынғы кірістерді және міндетті шығындарды жазыңыз. Бұл коммуналдық қызметтер, азық-түлік, көлік шығындары және т.б. болуы мүмкін.
  • ️ Нақты мақсат қойыңыз. Бұл айда қанша үнемдеуді жоспарлайсыз? Мысалы, жаңа зат сатып алу немесе демалысқа жинау үшін.
  • ️ Күнделікті шығындарыңызды тіркеңіз. Әрбір сатып алу немесе төлемді жазып, ай соңында қорытынды жасаңыз.
  • ️ Талдау жасаңыз. Айдың соңында қанша ақша жұмсалғанын және қанша үнемделгенін тексеріп, келесі айға мақсат қойыңыз.
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • “какеибо” әдісі – бұл тек қаржыны үнемдеудің жолы ғана емес, сонымен қатар өзіңізге қаржылық тәртіп орнату мүмкіндігі екенін естен шығрмаңыз. Қарапайым қағаз бен қалам арқылы сіз өз шығындарыңызды бақылап, ақша жинау жолындағы табысты қадамдар жасай аласыз.
  • сіз де қаржылық сауаттылығыңызды арттырып, ақша үнемдеу мәдениетін үйренгіңіз келсе, осы әдісті қолданып көріңіз!

* * *

Жаңа кинолар хақында

"Жабайы робот" мультфильмі. Rozzum 7134 (қысқаша “Роз”) атты робот иесіз қалған аралда апатқа ұшырайды. Енді ол жаңа мекеннің қолайсыз жағдайларына бейімделуді үйренуі керек. Сөйтіп бірте-бірте аралдағы жануарлармен қарым-қатынас орнатқан робот жетім қалған қаздың балапанына қамқоршы ата-ана болады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LVu9OopVBuM

"Заманback" комедиясы. Азат әкесін жас кезінде қаржылай жетістікке жетпегені үшін және ішімдікке тым әуес болғаны үшін кінәлайды. Арада болған жанжалдан кейін, Азат 1994 жылға – ата-анасының енді  отау құрған уақытына қайтып оралады. Өткенді өзгертіп, өз тағдырын қайта жазуға тырысқан Азат, олардың үйленуіне кедергі келтіру арқылы болашағын өзгертуге мүмкіндік бар деп сенеді. Басты рөлдерде: Рамазан Амантай, Бақытгүл Серікбаева, Жасұлан Айтен, Жақсылық Айтқұрман.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=lQGOOORzPbI

"Парковщики" комедиясы. Екі жас жігіт тұрақта жұмыс істеп, бай болуды армандайды. Алайда оған қалай қол жеткізу керек екенін білмейді. Бір күні тұраққа қымбат көлік қойылады. Ал екеуі оның жүксалғышынан қомақты қаржы тауып алады…

Басты рөлдерде: Жасұлан Көпберген, Азат Жұмаділ, Шахризада Серікова, Эрик Хамадуллаев.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=bnLXd146KSM

"Фантастическое путешествие" шытырман оқиғалары. Озат оқушы Милдредтің өмірі көптеген жыл бойы бейхабар кеткен сиқыршы әкесі пайда болған кезде күрт өзгереді. Қыз сиқырға емес, табиғатқа қызығушылық танытқандықтан, әкесі оған бірге саяхатқа шығуды ұсынады. Олар жоғалып бара жатқан пантера түрін іздеуге аттанады. Ғажайып саяхат барысында екеуі бір-бірін жақынырақ танып қана қоймай, кез келген қиындықты еңсеруге дайын ең жақын достарға айналады. Басты рөлдерде: Ілияс Вуд, Нелл Фишер.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=D4MwOnkXzJE

"Улыбка 2" триллері. Әлемдік турға дайындалып жүрген танымал поп-жұлдыз Скай Райли қорқынышты әрі түсініксіз оқиғаларға тап бола бастайды. Өршіп келе жатқан қорқыныштар мен атақтың ауыртпалығынан қажыған Скай өткен құпияларымен бетпе-бет келуге мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Наоми Скотт, Кайл Галлнер. Жас рейтингі: 18+                                                                                     

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LGk5t4AEyEc

" Синистер. Семейное проклятие" қорқынышты фильмі. Патрик бала күнінде себеп-салдары белгісіз, жанын жегідей жеген қорқынышпен өмір сүрді. Есейген шағында өткеннің үрейі қайта оралып, оның соңына түседі. Бірақ бұл жолы беймәлім бір күш Патриктің өзін емес, ұлын аңди бастайды. Енді ол қорқыныштан мәңгіге арылу үшін аяушылығы жоқ құбыжықпен бетпе-бет келуі керек. Басты рөлдерде: Сэм Клафлин, Антония Томас. Жас рейтингі: 18+                                                  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=FCSbctfNkP8

"Ужасающий 3" қорқынышты фильмі. Клоун-маньяк Арт Рождество қарсаңында Майлз округінің тұрғындарының шырт ұйқыда жатқан сәтін пайдаланып, шабуыл жасауды көздейді.  Басты рөлдерде: Лорен ЛаВера, Дэвид Ховард Торнтон. Жас рейтингі: 18+                                                                                     

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=HP6L7NI5mB8

"Кот-призрак Андзу" анимесі. Карин есімді ару ауылда тұратын монах атасына келгеннен кейін, ол күтпеген жерден оның қамқоршысы болған тылсым елес мысық Андзумен достасады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=iilS_kZI-XI                                                                                                                                                                                                                                                                              

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: