12:26 Бабалар ізімен |
САДАҚАНЫ ДӘУЛЕТІҢЕ САЙ БЕР! Тарғын деген бал сататын саудагер екен. Күндердің күні бал толтырылған бөшкелерді тиеген кемесі жағаға келіп тоқтайды. Қолында шағын ыдысы бар бейтаныс қарт әйел келіп, саудагерден аз ғана бал сұрайды. Алайда, саудагер бермейді. Кейуана да дауласпай жөніне кетіп қалады. Тарғын өзінің көмекшісіне «әлгі кейуананың үйін, мекенжайын тауып, бір бөшке бал жеткізіп беріңдер» деп тапсырады. Көмекшісі «құп болады» деп, артынша: «Кішкене ғана бал беруден бас тартып, соңыра бір бөшке бал беруіңізді сыры неде?» деп сұрайды. Тарғын: «Е-е, балам! Ол кейуана өзінің шамасынша сұрады, ал мен өз шамама сай берудемін» деген екен. Егер садақа беруші бұл құлшылықты шынайы түрде жете түсінсе, беріп жатқан қайырымдылығы кедейдің қолына тимей жатып, Алланың құзырында қабыл болатындығын білсе, алушының рақатынан берушінің рақаты басым екенін ұғынар еді. Садақаның көл-көсір пайдасын қысқа да, нұсқа етіп айтар болсақ: әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |