16:11
Бабалар ізімен

ИШАРАНЫҢ ИГІЛІГІ

Бірде Ескелді би мен Балпық би өзара өкпелесіп қалыпты. Мұны естіген Дарабоз ана Қарабейбіт биді шақырып алып:

«Бір-біріне сездірмей, екеуін де осы жиын үстінде біздің үйге түсір», - дейді.

Ол екеулері келген кезінде Дарабоз ана дереу дастархан жайып жіберіп, алдарына жалғыз қасықпен ас қояды. Алдымен дәм татқан Есекең қасығын шалқайтып қояды. Оның артынша Бапекең дәм татады да, қасықты төңкеріп тастайды. Содан соң-ақ екеуі бұрынғысынша әңгімелесіп кетеді.

Ескелдінің қасықты шалқасынан қойғаны «Кектенбесең кет демеймін, құшағым қашан да ашық» дегені, ал Балпықтың қасықты төңкеріп қойғаны «О не дегеніңіз, қайта сабасаңыз жотамды тосамын ғой» дегені екен.

Өкпе жайында бір ауыз сөз айтылмаса да, олар осылайша бір-бірлерін ишарамен-ақ түсінісіпті.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ                                           

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 234 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: