23:30 Бабалар ізімен |
ЗИЯРАТ ЕТУ ӘДЕБІ • Зиярат ету Алланың разылығы үшін жасалатын амал; • Ниет дұрыс, толық намаз дәреті болуы керек; • Жабық киіммен; ерлер қазақша шапан, аяқта мәсі, әйелдер орамал, ұзын етек, ұзын жең, қазақша камзолдармен келу керек. Әйелдердің мойны жабық болғаны абзал; • Бір сәт дүние тіршілігін тастап, ақиретті еске алу керек; • Зиярат орындарында байыппен ақырын сөйлеу; тазалықты сақтау; • Қабір жұртына: «Сіздер де біздей болғансыздар, біздер де сіздей боламыз...» деп сәлем беру; • Қабірді сипаудан, қажетсіз ұстаудан, тәу етуден, сүюден аулақ болу; • Қабірдің төменгі жағына барып, мәйітке жақын отыру, Құран оқу; • Уағыз-насихат айту, жақсы сипаттарын еске алу сауапты болмақ. Ескерту: Киелі орындарды (Әулие бастарына) зияраттауда қандай да бір тазалықтың, тәртіптің сақталмауы Құран оқу барысында бөлініп щығатын қара қуаттардың бойға еніп, жолбайлам, дерттенуге алып келуі мүмкін екенін еске саламыз. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |