АҢШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
- Аңға шыққан аңшыға «Қанжығаң майлансын» дегн тілек айтылады.
- Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.
- Атып алған құланның немесе жабайы ешкінің басын немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.
- Дос-жаран, құда-жекжат және туған-туыстан ит алмайды. Араларында түсінбеушілік болып, суысып кетеді.
- Ит – жеті қазынаның бірі. Сондықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық үйіріледі.
- Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.
- Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек.
- Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|