13:16
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР

  • Егінді, шалғынды бейсауатбаспайды. Обал болады.
  • Көкті жұлса, «Көктейсоласың» деп жамандыққа жориды.
  • Суға дәрет сындыруға болмайды. «Ағын судың арамы жоқ» деген сөз бар. Бұл суды басқалар пайдаланады.
  • Суға түкірмейді, өйткені бұл суды қайта ішуге тура келді.
  • Ағын суды бұруға болмайды. «Судың да сұрауы бар» «Аққан су арнасымен ақсын», «Бидің жолы ақ, судың жолы сара» деген сөздер бар.
  • Құстардың ұясын бұзуға болмайды.
  • Қарғаса, үй ішіңе кесапаты тиеді.
  • Торғайдың жұмыртқасын қиратсаң, бетіңе шұбар түсуі мүмкін.
  • Аққу киелі құс деп саналатындықтан, оны атуға, құс салуға болмайды.
  • Қыран құстарды атса, киесі тиеді.
  • Киіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпейді. Қарлығаш адамға дос, сондықтан ұясын бұзбайды.
  • Байғыз киелі құс болғандықтан, оны ұстап алуға болмайды.
  • Үкіні ұстап алуға болмайды. Ұстаған күнде үкісін жүндеп алған соң, бір тойдырып, босатып жіберу керек.
  • Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды, қарғысы қатты болады.
  • Құмырсқаның илеуін бұзсаң, үй ішіңе кесапаты тиеді.
  • Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
  • Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.
  • Жолбарыс, аюды көп ауламайды, оларды «аң иесі» деп санайды.
  • Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегі мен қиын пайдаланады.
  • Жабайы аңды үнемсіз аулауға болмайды. Қажетіне қарай аулап, қалғандарының өсіп-өнуіне жағдай жасап отырады.
  • Қара суды сапырмайды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 256 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: