10:39
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ҚАРУ-ЖАРАҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

  • Батырлар өз қаруларын қасиетті санап, сыйынған, оларды қастерлеп, әрқайсысына жеке ат қойған (мысалы: ақберен, наркескен т.б.).
  • Садақ пен қылыш – белге, найза қолдың қарына ілінген, айбалта ердің қасына байланып, шоқпар тақымға қыстырылған.
  • Соғысқа кірер алдында батырлар қаруларына мадақ айтып, серттескен.
  • Ерте кезде қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған.
  • Батырдың қаруын мұрагері өскенше сақтап, әкеден балаға мирас еткен.
  • Батырдың қаруын ешқашан қадірсіз іске қолданбаған.
  • Батырларға арналған қарулар сәнді де қымбат тұрған. Сондықтан қылыш, айбалта, шоқпар тәрізді қаруларды елшіліктерге барғанда, лауазым дәрежесін бергенде, т.б. жайларда бағалы зат ретінде сыйға тартқан.
  • Жарық кезінде демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған.
  • Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпарүйдің керегесінде ілулі тұрған, ал найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап батырдың үйде екенін білген.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 274 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: