ПЫШАҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
- Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды.
- Біреуге пышақ ұсынса ұшын өзіне, сабын кісіге қаратып береді.
- Ет кескенде қатар отырған екі кісінің біреуі ғана пышақ ұстайды.
- Біреудің пышағымен ет кескенде құры қайтармайды. Ұшына май немесе ет шаншып береді.
- Бір нәрседен шошынғанда пышақты жастықтың астына қойып ұйықтайды.
- Мал баққан адам құр қол жүрмейді, қынды пышақ алып жүреді.
- Пышақтың жүзін көкке қаратып қоймайды. Бұл үйдің малы не жаны пышаққа түссін деген жаман ырымды білдіреді.
- Жақын адамнан пышақ, ине алмайды. Аралары суып кетеді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|