БЕСІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
- Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады.
- Үйге келген адам бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей-ақ білдірген.
- Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайды.
- Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады.
- Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің отауының төріне қойған.
- Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды.
- Бос бесіктің өзін анда-санда отпен аластап, жын-шайтаннан қорғаған.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|