12:44
Қазақ әдебиеті әлемінен

ЖЕТІ ТАРМАҚ  қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде қолданылатын шумақ өрнегі. Мағжанның «Жазғытұрым», «күзді күні» атты өлеңдерінде, Сәкеннің «Жазғы түнде» атты өлеңінде осы шумақ үлгісі алынған. «Жамылар ымырт, кеш батып, Тыныштанар бертін ел жатып, Басады шық мөп-мөлдір Сұлудың көз жасындай, Сап күміс меруерт тасындай, Жердің жүзі құлпырар әсем аспан да». Мұнда соңғы тармақ келесі шумақтардағы сәйкес тармақпен ұйқасып отырады.

 

ЖИДЕЛІБАЙСЫН – қазақ фольклорында («Алпамыс батыр» жырында, Асан қайғы туралы аңыздарда, т.б.) кездесетін берекелі, қасиетті, құтты мекен. 16-ғасырда Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақтың көшпелі түркі рулары Орта Азия жерін басып алғанда, Жиделібайсын қарақалпақ халықтарының құрамындағы қоңырат тайпасының үлесіне тиген. Жаңа қонысқа ауысқан қоңыраттардың саяси және әлеуметтік тұрмысында орын алған тарихи оқиғалар қазақтың «Алпамыс батыр» жырында эпикалық түрде суреттеледі. Тарихи жағдайларға байланысты қалың қазақтан қол үзіп кеткен қоңыраттардың мекені уақыт өте аңызға айналып, қазақ фольклорында халық қиялының символы болған.

 

«ЖОШЫ – АЛАША ХАН» – дастан. Еш жерде жарияланбаған. Авторы – абай облысы шұбартау ауданында тұрған әрі ақын, әрі әнші У.Мейірманұлы. шығарманы семейлік Ә.Сыпанұлы деген кісі жинап, Орталық ғылыми кітапхана қорына тапсырған. Дастанда Алаша ханның баласы Жошының аң аулаға шыққанда қаза табуы, бұл қазаны Тыма деген күйшінің естіртіп, қайғыдан бас көтермеген ханның елден безіп, оны Тыма күйшінің қайта оралуға көндіруі, содан кейін Алаша ханның қалың құланды қыруы жөнінде оқиғалар баяндалады. Жырдың оқиға желіі тартымды. Дастан 11 буынды қара өлеңмен жазылған.

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 134 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: