13:59
Қазақ әдебиеті әлемінен

ЖЕТІ БАСТЫ ЖАЛМАУЫЗ  мифтік сананың негізінде туып, көптеген халықтардың фольклорында айтылатын өте көне бейненің бірі. Қай халықтың ертегісінде болмасын Жеті басты жалмауыз адамзаттың жауы, дүниедегі зұлымдықтың өкілі ретінде бейнеленеді. Қазщақ фольклорында де Жеті басты жалмауыз көп жағдайда айдаһар, кейде жалмауыз кемпір бейнесінде суреттеледі. Батыр кейіпкердің Жеті басты жалмауызбен шайқасуы барлық елдің ертегілерінде бар. Жеті басты жалмауыз кейбір ертегілердің сюжетінде қаланың немесе ауылдың жанында пайда болып, сол елден бірнеше қой мен бір қызды салыққа алып жеп отырады деп суреттеледі. Елді одан құтқару тек елден ерекше шыққан батырдың қолынан келетіні айтылып, халық фольклорында сол батыр арқылы дүлей күшті жеңу идеясын білдіреді.

 

«ЖЕТІГЕН БАТЫР» – дастан. Халық ақыны Есдәулет Қанденов жырлаған дастан оқиғасы махаббат тақырыбына құрылған, онда адамның қартайса да армансыз болмайтындығы баяндалады. Дастан әрі батыр, әрі бай Жетіген қарттың жас кезінде басынан өткен ғашықтықө дерті туралы сыр шертеді. Жас Жетіген батырдың қалмақ ханының қызы Шырын сұлуға махаббатын бас кейіпкер өзі әңгімелейді. Оқиға сюжетінің кейбір тұстары ертегідегідей елес беріп, дастан соңы қайғылы аяқталған. 1939 ж. Есдәулет ақынның айтуынан жазып алынған бұл дастан бұрын еш жерде жарияланбаған. Жыр нұсқасы толық, 11 буынды қара өлең және 7-8 буынды жыр үлгісіне құрылған, кей тұстарында қара сөзбен түсінік беріліп отырады. Қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.

 

ЖЕТІ-СЕГІЗ БУЫНДЫ ӨЛЕҢДЕР – қазақ поэзиясында ерте кезден өте жиі қолданылып келе жатқан өлең өлшемі. «Майдағы жұрттың іші қар, Бәйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің оты бар, - Қар жауса да сөнер ме?» (Абай). Жеті буынды тармағы екі бунақтан (4 буын – 3 буын), сегіз буынды тармағы үш бунақтан (3 буын – 2 буын – 3 буын) құралады. Осы екі түрлі тармақтар шумақ ішінде белгілі ретпен топтасады. Мысалы, төрт тармақ, алты тармақ, сегіз тармақ болып келеді. Жырда да осы тармақтар қолданылғанымен, олар еркін араласып, түйдек-ьүйдек болып (тирада) топтасады. Жеті-сегіз буынды өлеңнің қазақ поэзиясында Абайдан бастап лирикалық өлеңдерде (тек қысқа нақыл сөз, мақалдарға ғана емес) орныққан ырғақтық өрнегі бар. Бұл өлең өлшемінде сегіз буынды тармақтар екі 4 буынды бунақтан тұрады (4 буын – 4 буын). «Тәңір қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ем» (Абай). С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», «Анаға жауап», «Сыр сандық» һлеңдері осы өлшеммен жазылған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 129 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: