19:13
Қазақ әдебиеті әлемінен

ЖАРАПАЗАН  қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бірі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп жарапазан айтады. Жарапазан мәтіні әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Ең алдымен жарапазаншы үйді, үй иесін мадақтаудан басатйды. Одан ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтады. Соңы бата берумен аяқталады. Әрине, айтушы өзінің қабілет-қарымына орай, жаттанды мәтіннің қаңқасын бұзбай өз ойынан да шумақтар қосып айта береді. Жарапазанның негізгі мақсаты – ораза айында ел көңілін көтере жүріп, ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа, иманға ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақыраудан туған. Оған әсіресе жастар мен балалар белсенді ат салыса жүріп, өздері де үлгі-өнеге алған. Кеңестік дәуірдегі шектеулердің салдарынан ұмытыла бастаған жарапазан ислам дінінің жандануына байланысты қайтадан салтқа еніп келеді.

 

«ЖАСКІЛЕҢ» - дастан. Тіл және әдебиет институтының фольклорлық экспедициясы 1948 ж. Омбы сапарында И.Бекмахановтан жазып алған. Дастан оқиғасының желісі қазақ жігіті Жаскілеңнің түсін баяндаудан басталады. Қалмақ жанының қызы Қоңыршаға ғашық болған Жаскілеңнің өз мақсатына жету жолындағы қиямет-қайым сапары баяндалады. Дастан мәтіні толық күйінде жеткен. Қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.

 

«ЖӘМИЛА» – дастан. Авторы Семей (қазіргі Абай) облысы Шар ауданының тұрғыны Тембай Манабаев, Мәкежан Күлкенов деген кісі дастанды 1949 ж. ел аузынан жазып алған. Жыр сюжеті «Мың бір түн» ертегісінен алынып, өлеңмен жазылған, мазмұны «Сейфул-Мәлік» жырына ұқсайды. Дастанның бас кейіпкері Мәлікриян патшаның баласы Рабиғұлмәлік махаббат жолында қиял-ғажайып ертегілеріндей сиқырлы заттар жәрдемімен қиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетеді. Дастан бұрын баспа бетін көрмеген, қара өлең үлгісімен жазылған. Қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы тұр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 139 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: