10:50
Қазақ әдебиеті әлемінен

«БАҚЫРҒАНИ КІТАБЫ» – түркі тілдес халықтардың 12-ғасырдан сақталған құнды әдеби ескерткіштерінің бірі. Авторы – Сүлеймен Бақырғани. Ақын мұрасы тек 19-ғасырда ғана толық жинақталып, Қазан және Стамбұл қалаларындағы баспалардан «Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 182, 1898) басылып шықты. «Бақырғани кітабы» - бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі – көңіл күй жырлары, екіншісі – сопылық ілімді насихаттауға арналған дидактикалық, философиялық хикмет өлеңдері, үшіншісі – Алланы мадақтауға арналған жырлары («Меғрожнаме»). Төртіншісі – «Ақыр заман көріністері» дастаны, бесіншісі – «Бибі Мариям» толғауы. Кітаптың басты мақсаты оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы), тариқат (сопылық ілімнің идеясы, мұрат-мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың шарттарын танып-білу) және хақиқат (Хаққа жақындау). Бұл рухани асулардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Сондай-ақ осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Аталған төрт сатының (басқыштың) қырық мақамын толық танып-біліп, жақсы игерген адам ғана Алланың (ақиқаттың) дидарын көруге мүмкіндік алады. «Бақырғани кітабы» оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, Аллаға құлшылық етуге шақырады.

 

БАЛЛАДА (лат. ballo. прованс, balada – билеймін, нем. ballade, франц. ballade, итал. ballata – би әні) – әдебиетте поэзияның сюжетті лирикалық жанры. Баллада жанр ретінде орта ғасырларда Батыс Еуропа өнерінде қалыптасты. Алғашында роман шоғырына жататын тілде сөйлейтін халықтарының сюжетті әндерін баллада деп атаған. Әдебиеттегі 12-13 ғ.ғ. трубадурлар мен труверлердің дәстүрлі халық өлеңдері меен әндеріне негізделген шығармалардан басату алады. 13-15 ғ.ғ. Францияда полифониляқы рефренді әндер (Гильом де Машо). Англияда эпикалық тынысты, лирикалық нәзік үнді халықтық балладалар (Робин Гуд туралы) бұл жанрдың қалыптасуына негіз болды. Баллада көңіл күйі толғанысымен қатар, ақын сезімін туғызған себептер суреттеледі. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындыққа, оқшау фантастикаға, ерлік әрекетке құрылады. Қазақ әдебиетіне баллада жанрын С.Ерубаев («Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа», т.б.) әкелсе, Қ.Жармағамбетов оны дамытып қалыптастырды («Бидай туралы баллада», «Мұғалима», «Күзетші», «Көкті бала», т.б.). Қ.Жармағамбетовтың балладалары «Адам туралы аңыз» (1951), «Мұғалима туралы баллада» (1957), «Балладалар» (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Тәжібаевтың, Ә.Сәрсенбаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, М.Мақатаевтың, Қ.Мырза Әлінің, М.Шахановтың жекелеген шығармалары баллада үлгісінде жазылған.

 

«БАРАҚ БАТЫР»  – тарихи дастан. Барақ батырдың жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстағы ерлік істері баяндалады. Ел аузындағы әңгімелер негізінде Б.Тұрсынбайұлы 1941 ж. дастан етіп жазған. Дастанның негізгі оқиға желісі Барақ батыр бейнесін жан-жақты ашып көрсетуге құрылған. Қолжазба нұсқасы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбала қорында сақтаулы. Дастан 7-8 буынды жыр үлгісімен жазылған.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 189 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: