17:00
Қазақ әдебиеті әлемінен

АЛЬБОМДЫҚ ЛИРИКА – лирикалық жанр. Алғаш орта ғасырлардағы француз поэзиясында пайда болған. Бұл жанрға жататын өлеңдерге тән басты қасиет – сыршылдық, нәзік сезімге берілу. Бұл сипат оңаша, өзімен-өзі болып оытырп сыр шерту, көлденең адамға білдірмейтін ішкі сезімді, жүрек сырын қағазға жазудан келіп шыққан. Кейін Франциядан бүкіл Еуропаға тарайды. Альбомдық лириканы әуесқой ақындар да көп қызқтаған. Қазақ поэзиясында альбомдық лирика түріне жақын келетін өлеңдер біршама. Мысалы, М.Жұмабаевтың арнау өлеңдері.

 

АНАГРАММА (грек. аna – қайта, gramma – әріп) – аты-жөніндегі әріптер орнын алмастыру арқылы жайылған бүркеншік ат. Мысалы, орыс жазушысы Антиох Кантемирдің Харитон Макентан деген бүркеншік аты болған. Сол сияқты қазақ ақындары Мұзафар Әлімбаевтың «Мәлім», Нұрсұлатн Әлімқұловтың «Ән» деген лақап аттары бар.

 

АНАНИМ – бүркеншік аттың бір түрі. Құрастыру жолы: кісі есімі әдеттегідей бас әріптен соңына қарай оқылған түрде емес, керісінше, аяқ жағынан кері қарай оқылған сипатта жазылған. Мысалы, орыс мысалшысы Иван Крылов кейбір шығармаларын Нави Волырк деген атпен жариялап отырған.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 185 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: