20:34
Қазақ әдебиеті әлемінен

АЛЛОНИМ (грек. allos – бөтен, бөгде, onyma – есім)қаламгерлердің өз аты-жөнін мүлде қолданбай, автор ретінде өзге бір есімді бүтіндей иеленуі. Мысалы, Париж коммунасының белгілі қайраткері Паскаль Груссе революция жеңіліске ұшырағаннан кейін Жаңа Каледонияға жер аударылады да, одан қашып шығып, басқа фамилиямен өмір кешіп, өзінің ғажайып оқиғаларға толы романдарын Андре Лори деген атпен жариялап отырған. Беларусь ақыны К.М.Мицкевичтің туындыларына өз атын көрсетпей Якуб Колас деп қоюының басты себептерінің бірі, ұлы поляк ақыны Адам Мицкевичпен фамилиялас болуы еді. Орыс әдебиетінде М.Горькийдің өз аты-жөні – А.Пешков т.б. Қазақ әдебиетінің өкілдері де аллоним қолданып жүр. Әкім Таразидің өз аты-жөні – Ә.Әшімов, т.б.

 

АЛОГИЗМ (грек. a – жоққа шығару жұрнағы, logismos - ақыл) – біріне бірі логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама-қайшы ұғымдарды әдейі жақындатып, жалғастыру арқылы ойды айрықша әсерлі етіп жеткізетін стильдік тәсіл. Мысалы, М.Жұмабаев «Тірілдім» деген өлеңіндегі «Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем, Өліп едім, бүгін тағы тірілдім», - деген жолдар алогизмнің озық үлгілерінің бірі болып табылады.

 

АЛМАЖАН Азаматқызы (1823, Бат.Қазақстан обл. Жәнібек ауд. Бекетай-Бесқасқа а, - ө.ж.б.) – ақын. Әкесі Азамат 1836-1837 Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, шайқаста қаза тапқан. Алмажан жасатйынан өлең шығарып, ақын қыз атанады. Бірақ сақталып қалған шығармасы – «Жетім қыз» дастаны. «Жетім қыздың» басты кейіпкері – Алмажанның өзі. Оқиға екінші жақтан баяндалады, арагідік қара сөзбен баяндауы бар. Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат қайтыс болғаннан кейін жетім қалған 14 жасар қыз бен 7 жасар ұлға Нарындағы билік иелері тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханға арызданбақшы болғанда көрген қиыншылықтары негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 197 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: