БАСҚЫНШЫЛЫҚ және ТІЛДЕР

Бастапқыда араб тілінің рөлі грек тілінікіндей болды, бірақ арабтілді иммигранттар о бастан көптеп келді. Көп кешікпей ауылдық жерлердің өзінде араб тілінде сөйлеуге көшті, бірақ оның үстемдік құруына әлі көп уақыт бар еді. Араб тілі келгеннен 400 жылдай кейін, ХІ ғасырда христиан дініндегі копттар әдеби шығармаларын араб тілінде жаза бастады. Бұл олардың қандастарының көбі араб тілінде сөйлеуге көшкендіктен болар. Халық копт тілінде көпке дейін сөйледі, бірақ оның қолданыстан шыққанына бірнеше жыл болды. Христиан копт шіркеуі әлі де бар, ол бүгінде де ежелгі тілді қолданады. ... Читать дальше »

Просмотров: 162 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/12/2021 | Комментарии (0)

ӘДЕБИ ҚАҺАРМАН – көркем шығармада мінезімен, іс-әрекетімен, ой-толғамымен мейлінше нақтылы дараланып, бейнеленген тұлға. Әдеби қаһарманның ең жоғары жан-жақты шебер мүсінделген түрі – тип. Әр кездегі қоғамның мақсат-мұратына, эстетикалық ұғым-түсінігіне сәйкес әдеби қаһарманның түрліше типі болғандығы мәлім. Мысалы, қазақ ауыз әдебиетіндегі Ер Төстік, алпамыс, Қобыланды, Қыз Жібек, 20-ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі Абай, Құнанбай («Абай жолы» эпопеясында), Еламан, Кәлен («Қан мен тер» трилогиясында), т.б.

 

ӘЖУА – кекесін, мысқылдың жеңілдеу түрі. Әжуа ашық та, астарлап та білдіріле береді. Мысалы, Күдеріқожа: «О дүние бұ дүниеден жақсы ... Читать дальше »

Просмотров: 197 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/12/2021 | Комментарии (0)

ПҰТҚА ТАБЫНУШЫЛАРДЫҢ ОЯНҒАН ҮМІТІ

Исаның миссиясының айқын табиғатына қатысты көптеген болжамдар болды. Шамасы, Інжілге оның өз аузымен айтқан сөздерінің аз ғана бөлігі енген және ондағы деректердің көпшілігіне – Исаның өлімінен кейін – Әулие Павел салдырған шіркеулерде болған бертіндегі оқиғалардың әсері тиген. Әйтсе де мәтіндегі кейбір сөздер Исаның өмірі мен ілімінің яһудилік сипаты болғанын растайды. Галилеядағы керемет жасаушылар да қарапайым адамдар болғаны белгілі. Олар да қайыр сұрады, уағыз айтты, ауруларды емдеді және жындарды қуды. Мессия секілді, осы әулие галилеялықтардың да көптеген шәкірті болған. Кейбіреулер «Павел секілді, Иса да Гиллель мектебінің фарисейі бол ... Читать дальше »

Просмотров: 169 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/12/2021 | Комментарии (0)

БАБАЛАР ҚАМШЫНЫ КИЕЛІ САНАҒАН

Ат абзелдері – ер-тұрман құрамына кіретін жүген, ноқта, қамшы сияқты тұрмандар, қайыстан тілінген таспалардан жасалады. Таспалар қолдану ретіне қарай қамшы өргенде әрқалай тіліне береді. Жалпақ тілінгендері – түйін үшін, жіңішкелері өрім үшін пайдаланылады. Өрімшілер тұрмандарды түйіп те, өріп те жасай береді. Бұлардың шыдамдылығы өруден гөрі түюге байланысты болады екен. Содан да «Тұрман түйіннен тозады» деген сөз бекер емес. Өрімнің сапалы, сырты біркелкі, кедір-бұдырсыз, бір жағынан жұмырланып, көз тартардай жылмағайлау болуы үшін таспаның бір жақ қырын майдалай сыдырып алып отыратын болған.

... Читать дальше »

Просмотров: 175 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/12/2021 | Комментарии (0)