09:07
Жетістіктің жүз қадамы

2-ҚАДАМ: ЕҢБЕКҚОРЛЫҒЫҢЫЗДЫ ДАМЫТЫҢЫЗ

Таза, адал дүние еңбекпен табылады. Сауда және сапарға шығу – қадірлі іс, құрметке лайықты, ел аралық достықтың негізі

  • Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)

Мақсатты тек жазып қойып, оны күнделікті екі-үш рет оқып қана қойып, мақсатқа талпынбау сізді табысқа жеткізбейді, мұны айтпасақ та түсінікті. Енді біз не істейміз, әрине, бірінші өзіміздің еңбекқорлық қабілетімізді дамыту жолдарына көшеміз. Оның бірінші қадамының бірі – ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдыру болып табылады. Таңертеңгі сағат бес-алтыда тұратын болсаңыз, бойыңызда жалқаулықтың элементтері азая бастайды. «Ерте тұратын жалқау адам жоқ» дегендей, таңертең ерте тұруыңызды әдетке айналдырыңыз.

Енді сізге мынадай ой келуі мүмкін: «Таңертең ерте тұрғанда не істеймін?», «Не бітіремін?». Негізінде, таңертең ерте тұру – өте жақсы әдеттің бірі. «Ерте тұрған еркектің – ырысы артық, ерте тұрған әйелдің – бір ісі артық» дейді халық даналығы. Енде, сіз ерте тұрып, не істейсіз? Әрине, әлемнің жаратушысы, құдіретті Аллаға шүкіршілік етіп, алға қойған мақсаттарыңызға жетуге жәрдем сұрайсыз.

Еңбекқорлық – адамның бір іске жан-тәнімен кірісіп жасауы. Еңбекқорлықты арттырудың бірден-бір жолы – өзің жасап жатқан іске махаббатыңды ашу. Махаббатыңыз ашылған нәрсеге еңбекқорлықтың өзі-ақ пайда болады. «Махаббатты қалай ашамыз?» деген сұрақ келуі де мүмкін. Атқарып жатқан істеріңе махаббатты «мен осы істі қарқынды жасап жатырмын», «ертең осы іс маған үлкен рақат әкеледі», «осы істерді жасау арқылы мен мақсатыма күн санап жақындап барамын», «осы істерді атқару арқылы мен отбасыма, айналама, еліме көмектесемін» деген секілді түсініктерді ойыңызға қондырыңыз. Бұл түсініктер сіздің атқарып жатқан жұмысыңызға махаббатыңызды арттырады.

Еңбекқор адамдардың сөздері:

  • Бүгін осы ойлаған істерімді қолымнан келгенше бітіремін!
  • Азанда, ерте тұруым керек!
  • Уақытты дұрыс пайдалануым керек!
  • Мен бұл істерді міндетті түрде істеуім қажет!

Еріншектік бойында басым адамдардың сөздері:

  1. Істерді ертең атқара саламын ғой, не асығыс бар?
  2. Азанда асықпай тұрамын, мені ешкім күтіп тұрған жоқ қой.
  3. Уақыт көп, ертең де күн бар.
  4. Бұл істің маған әкелетін пайдасы жоқ.
 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 332 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: