Бес жыл бойы...

Сұм соғысты Жеңіс жеңді ақыры,

Шаршады Жер, көрінді жүдеу тақыры.

Бес жыл бойы ауыр майдан, арпалыс,

Танылып сан баһадүр сыр-қыры.

Адамзат көрмеп еді зор алапат,

Бомба, мина, снаряд һәм жарылғыш зат.

Бес жыл бойы қиын-қыстау, қиналыс,

Жаулап алды Жер-жаһанды танк, автомат.

Фашис біткен жамиһаттың алды мазасын,

Бейбіт халық тартты талай жазасын.

Бес жыл бойы суыт хабар, қара қағаз,

Өлгендердің кім толтыр ... Читать дальше »

Просмотров: 623 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ МӘҢГІЛІК АЛАУЫ

Ұлы Жеңістің мерейлі жетпіс бірінші көктемі қандай шуақты десеңізші! Жыл сайын майда мамырмен келетін осынау мереке-мейрам әрбіріміз үшін сондай маңызды, сондай сағынышты ғой қашанда. Майдан кешіп, жырақта жүріп, өлімнің өткір жүзінде етігімен су кешкен ата-бабаларымыз көздің қарашығындай аманат етіп тапсырған құдіретті һәм мәртебелі Ұлы Жеңістің Туы ешқашан еңкеймек, ешқашан жығылмақ.

Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші ірі бөлігі болып табылатын Ұлы Отан соғысы бас сұқпаған ошақ-шаңырақ жоқтың қасы. Арам пиғылды фашистерді шыққан індеріне қайта тығуға өз еркімен аттанған жауынгерлер қатарында біреудің әкесі, біреудің аға-бауыры, біреудің атасы, біреудің жұбайы, біреудің қызы, біреудің келіні, біреудің анасы, біреудің баласы болды. Тылда қалған туған-туысқандардың, отандас-ағайындардың тыныш өмірі үшін, жау қолында қалып, азаттықты аңсаған елді мекендерді азат ету үшін жанын пида еткен сұрапыл соғыстың құрб ... Читать дальше »

Просмотров: 730 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)

ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

 Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына жетпіс бір жыл толады.

Соғыс... Қандай жымысқы, қорқынышты сөз! Қазақ даласында соғыс отының шарпуын көрмеген, қайғысын тартпаған шаңырақ жоқ еді. Бұл оқиға адам баласы үшін ауыр, азапты күндерге айналды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы жетпіс бес жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық.

       Өзім соғыс  туралы ойласам, көз алдыма баласын, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейрімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді. Соғыс салған жараның орны әлі жазылған жоқ. Сондықтан қанмен, термен, жаспен келген Жеңіс – ең Ұлы Жеңіс, киелі Жеңі ... Читать дальше »

Просмотров: 944 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)

ҰСТАНЫМЫ ҰТЫМДЫ ҰСТАЗ

Өзің түлеп ұшқан ұяда ұстаздық еткенге не жетсін, шіркін! Үкілі үміт арқалап, жеке өмірге қанат қаққан түлек араға бірнеше жыл салып, ұясына қайтып оралған қыран өскелең ұрпақ саналатын жас ұландарға оқу-білім һәм тәлім-тәрбие нәрін себеді. Жылдар өте осынау игілікті ісінің жемісті де жеңісті қызығын көріп, абырой мен даңққа мейілінше бөленеді.

Қайдаров Нұрболат Шәріпұлының Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздық қызмет атқарып жүргеніне осымен жиырма алты жылға айналды. Кіндік қаны Бесқарағай ауылының топырағында тамған Нұрболат 1972-1982 ж.ж. аралығында аттас жалпы орта білім беретін мектепте білім алды. Әскерге бармас бұрын бір жыл ауылда от қазандығын жағушы болып та жұмыс істепті. 1983 жылы аудандық әскери комиссариаттың шақыруымен Кеңес Одағының Қарулы Күштері қатарында азаматтық борышын қиянда Амур облысы Тында қаласына қарасты Маревая стансасында абыроймен өтеді. Тіпті Байкал-Амур магистрал ... Читать дальше »

Просмотров: 646 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)

1968 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың үшінші біріншілігінің ақтық жарыстары 5-10 маусым аралығында Италияның Рим, Неаполь һәм Флоренция қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы төрт құрама команда қатысты. Жартылай финал, финал жүйесімен түзілді. Итальян алаңдарында өткізілген төрт кездесуді 260936 жанкүйер тамашалады. Жиыны 7 доп қақпа торында тулады.

1968 жылғы Еуропа біріншілігі Кәрі Құрлыққа «Скуадра адзурра» деп аталатын жаңа жеңімпазды сыйға тартты.

КСРО құрамасы ақтық жарысқа жолдама алған төрттік қатарына Венгрия құрамасымен ширек финалда өткізген екі керемет кездесу нәтижесінде қосылды. Будапештте болған алғашқы ойында 0:2 есебімен ұтылған кеңестік футболшылар Мәскеудегі «Лужники» стадионында болған қарымта кездесуде 3:0 есебімен толығымен есесін қайтарды. Тәжірибелі мамандардың пікірінше, бұған дейін һәм бұдан кейін КСРО құрамасы осынау деңгейдегі ойын көрсеткен жоқ. Өкінішке орай, 5 маусымға дейін кеңестік ... Читать дальше »

Просмотров: 598 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)

ДОСТЫҚТЫҢ ДАРҚАН ҰЯСЫ

Теріскейден сүйектен өте соққан суық желіне қарамастан Бесқарағай ауылында 1 Мамыр – Қазақстан Республикасы халықтары бірлігі күні мерекесі жылдағы игі дәстүр бойынша аталып өтті.

Орталық көшеде жиналған ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен мұғалімдері мектепке дейін қолдарына шарлар ұстап, халықтар бірлігін паш еткен салтанатты шеру жасады. Ұлтаралық келісімді, халықтар достастығын, этномәдени сыйластықты, ортақ түсіністікті ұрандатқан қанатты сөздер шеруге шыққан жұршылықты рухтандырды, жігерлендірді.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің алдындағы импровизацияланған сахнада «Достықтың дархан ұясы» деген тақырыппен мерекелік концерт болды. Ән-сазды бағдарлама алдында ауыл тұрғындарын құттықтаған Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Ж.Байтілеуова аталмыш мерекенің еліміз үшін маңыздылығын айырықша атап, шын жүректі тілегін білдірді. Ұзақ жылдар бойында ауылдағы пошта бөлімшесінде ... Читать дальше »

Просмотров: 537 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)

 1964 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың екінші біріншілігінің ақтық жарыстары 17-21 маусым аралығында Испанияның Барселона һәм Мадрид қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы төрт құрама команда қатысты. Жартылай финал, финал жүйесімен түзілді. Испан алаңдарында өткізілген төрт кездесуді 156253 жанкүйер тамашалады. Жиыны 13 доп қақпа торында тулады.

 Еуропа Кубогінің екінші додасына жиырма сегіз елдің құрамалары қатысты. Әуелгідей ГФР һәм басқа құрамалар қатысудан бас тартты. Есесіне итальяндық және ағылшындық футбол федерациясы қатысуға шешім қабылдады.

1964 жылдың маусымында Мадридте өткен УЕФА конгресінің отырысында отыз елдің өкілдері қатысты. УЕФА-ның бас хатшысы Ханс Бангертердің баяндамасында тек екінші рет болғалы тұрған құрлық біріншілігінің маңызы пәрменделді. Осыдан соң УЕФА президенті Густав Видеркер Еуропа Кубогін Еуропа біріншілігіне ауыстыруды ұсынды. Оның ойынша, алдымен іріктеу жарыстарын өткізу қажет екен, кейіннен ... Читать дальше »

Просмотров: 591 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)

ҚОШЕМЕТ ҚҰДІРЕТІ

Жер-Ананы басып жүрген әр адам үшін кіндік қаны тамған мекен – Отан. Ал кей адамға әуелден жат көрінген мекен уақыт өте келе һәм ғұмырына гүл бітірген біршама мезеттен соң туған отанындай болып кетеді. Бұл – өмірлік заңдылық.

Ертісті жар жағалай орын тепкен Бесқарағай ауылының ауыл болғанына сексен жылдан асып барады. Заманның аумалы-төкпелі өзгерістерін де, алаулаған-жалаулаған қуаныштарын да, қинаған-ыңыранған кесапаттарын да басынан өткерген бұл елді мекен. Дегенмен де ұйыған айрандай ауыл деген тұғырдан түспей келеді, түспейді де.

Түпкілікті тұрғындар қазақтармен қатар өзге ұлт өкілдеріне де Бесқарағай баурайы бауырмал жылы құшағын айқара ашты. Шарапат пен шапағатын бірдей берді.

Сонау сұрапыл соғыс жылдары, тіпті одан сәл бұрынырақтау саяси қуғын-сүргін жылдары осынау мекенге неміс, шешен ұлтының өкілдері күштеп көшірілсе, жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарының еншісінде қалған тың иге ... Читать дальше »

Просмотров: 577 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)

1960 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың тұңғыш біріншілігінің ақтық жарыстары 6-10 шілде аралығында Францияның Марсель һәм Париж қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы төрт құрама команда қатысты. Жартылай финал, финал жүйесімен түзілді. Француз алаңдарында өткізілген төрт кездесуді 78958 жанкүйер тамашалады. Жиыны 17 доп қақпа торында тулады. Ал бұған дейін...

Еуропаның алғашқы біріншілігі (құрлық Кубогі) 1958-1960 ж.ж. өткізілді. Бірінші жарысқа он жеті құрама қатысты. Түрліше себертермен Англия, ГФР, Италия сынды, қазіргі таңда құрлықтық футболдың алпауыттары, құрамалар қатыспады.

Еуропа Кубогінің алғашқы кездесуі Мәскеуде КСРО һәм Венгрия құрамалары арасында өтті. Тарихтағы тұңғыш голды кездесудің төртінші минутында кеңестік Анатолий Ильин соқты.

Кубоктік жүйе ойлап табылды. Жеребе бойынша таңдалған он бес құрама командаға ирландықтармен алдын-ала кездесу өткізуге мәжбүр болған Чехословакия құрамасы қосылды. 1/8 финалда ешқандай ... Читать дальше »

Просмотров: 641 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)

ҚАУІПСІЗ ҒАЛАМТОР

Көз ілеспес жылдамдықпен дамып отырған ақпарттық-коммуникациялық технологияның орасан зор пайдасымен бірге опық жегізер зиян-залалы да аз емес өкінішке орай. Бұл хақында айтудай-ақ айтылып жүр, жазудай-ақ жазылып жүр. Әсіресе жаһандық ғаламтор қауіпсіздігі басты назарда. Екінің бірінде ғаламторға қосылу мүмкіндігі бар. Онан алынатын ақпараттың жақсысы да бар, жаманы да жетерлік.

Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің барлық сыныпта «Қауіпсіз ғаламтор» атты сынып сағаттары қос тілде өткізілді. Оқушылармен бірге ата-аналар жиналысында осынау тақырып аясында компьютердің зиянды жақтары мен пайдасы, компьютер пайдалануда қауіпсіздік ережелері һәм қауіпсіз интернет жайлы баяндалды.

«Ғаламтордың  пайдасы мен зияны » атты дөңгелек үстелге информатика пән мұғалімдері жауапты болды. Интернеттің пайдасы мен зияны жайында слайдтар көрсетіліп, оқушылар екі топқа бөлініп өз ойлар ... Читать дальше »

Просмотров: 664 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/05/2016 | Комментарии (0)