16:00
Халықтар бірлігі - ынтымақтасу тірлігі

ДОСТЫҚТЫҢ ДАРҚАН ҰЯСЫ

Теріскейден сүйектен өте соққан суық желіне қарамастан Бесқарағай ауылында 1 Мамыр – Қазақстан Республикасы халықтары бірлігі күні мерекесі жылдағы игі дәстүр бойынша аталып өтті.

Орталық көшеде жиналған ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен мұғалімдері мектепке дейін қолдарына шарлар ұстап, халықтар бірлігін паш еткен салтанатты шеру жасады. Ұлтаралық келісімді, халықтар достастығын, этномәдени сыйластықты, ортақ түсіністікті ұрандатқан қанатты сөздер шеруге шыққан жұршылықты рухтандырды, жігерлендірді.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің алдындағы импровизацияланған сахнада «Достықтың дархан ұясы» деген тақырыппен мерекелік концерт болды. Ән-сазды бағдарлама алдында ауыл тұрғындарын құттықтаған Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Ж.Байтілеуова аталмыш мерекенің еліміз үшін маңыздылығын айырықша атап, шын жүректі тілегін білдірді. Ұзақ жылдар бойында ауылдағы пошта бөлімшесінде абыройлы қызмет атқарып жүрген Дәметкен Көптілеуқызы Дөненбаеваға ауылдың экономикалық-әлеуметтік дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі үшін Лебяжі ауданы әкімі С.Жанғазиновтің алғыс хатын һәм естелік сыйлығын салтанатты түрде табыс етті.

Концерттік бағдарламада бастауыш сынып бүлдіршіндері мерекелік тақырыпты ту еткен өлең шумақтарын жатқан оқып, әдеби монтаж ұсынды. 3 сынып оқушысы Ахметов Ділназ, 4 сыныпта оқитын ағалы-інілі Разиддин мен Сағидолла Мұқашевтар, 5 сыныпта білім алып жүрген Зейнолла Гүлзира мен Серікпай Айдана, 7 сыныпта оқып жүрген Тиссен Ольга тамаша әндер шырқап, көрермендер қошеметіне бөленсе, 1 сыныпта білім жинап жүрген өнерлі қыздар «Қамажай» биімен мерекелік концерттің ажарын әрлей түсті.

Халықтар бірлігін асқақтатқан мерекелік шаралар бесқарағайлықтардың есінде ұзағынан қалатын болды.       

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 540 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: