17:17
100 нақты қадам

ІСКЕРЛІКПЕН ІЛГЕРІЛЕЙМІЗ

Асылында, осынау қадамдар көкірегінде түйсігі бар әр­ адамды елең еткізбей қоймайтын, ұлт бола­шағы үшін жанын беруге дайын әр аза­матты осы Ұлы жолда бірге болып, қызы­ғы мен шыжығына атсалысуға шақы­ра­тын өте ауқымды шаралар екені даусыз. Оны­ іс жүзінде жаһандық һәм ішкі сын-қатер­лерге жауап бере алатын, жаңа тарихи­ жағдайларда еліміздің дамыған мем­ле­­кет­тердің отыздығына кіруі жөніндегі бас­­ты құжаты деп айтуымызға әбден болады. Ел мен Ұлт­­ дамуының басты ұстынына айналатын­ Ұлт­тық жоба деп айтса да жарасады. Өйт­кені ол экономикалық дерттердің сырт­қы­ белгілерін әдемі сөзбен сылап-сипап қоюды емес, оны­ жүйелі іскерлікпен емдеуді, қоғам мен мемлекетті түбе­гейлі қайта өзгертуге және ілгерілетуге негіз қалауды мақсат етеді. Елбасы ұсынған бес институттық реформа – бес мемлекетке жүк болатындай-ақ, ал оларды іске асыру үшін жарияланған 100 нақты қадам – жүздеген мемлекеттерге үлгі болатындай жан-жақты ойластырылған, жүйелі үйлестірілген айқын стратегиялық жоспар.

Жоғарыда айтылғандай, Президент жариялаған бес институттық реформа, оны іске асыру бағытында жасалатын 100 нақты қадам туралы жүздеген мақала, мыңдаған ой-пікірлер жазылуда. Бірде-бір қазақстандық, елімізге жанашыр, тілеулес іштегі, сырттағы ағайын қолдау білдіруден тыс қалып жатқан жоқ.

Әлбетте, тарихи қозғалыс басталды. Осы тарихи оқиғалардан тыс қалмау – әр қазақстандық үшін үлкен сын. Елбасы мемлекеттік қызмет тақырыбын өзі жариялаған бес реформаның ең біріншісі етіп тектен-тек қойып отырған жоқ. Оны жүзеге асырудағы жасалатын 100 қадамның да алғашқы он бес қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған. Өйткені мемлекетіміздегі реформалардың іске асуы, басқару жүйесінің тұтастығы, кәсіпкерліктің дамуы, ел әлеуетінің артуы мемлекеттік аппараттың, ондағы қызметкерлердің жұмысына, кәсіби шеберлігіне, ұлтжандылығына тікелей байланысты. Реформалар сапында көрсетілген заңның үстемдігін қамтамасыз ету де, елдегі индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету де, ынтымақ пен­ бірлік те, есеп беретін мемлекетті қалып­тастыру да кадрларға, мемлекеттік аппарат жүйесіне, соған қатысы бар мемле­кеттік органдардың біліктілігі мен пәрмен­ділігіне, ондағы қызметкерлердің сана-сезі­міне келіп тіреледі. «Нұр Отан» партия­сының XVI съезінде Н.Ә.Назарбаев маңыз­ды мемле­кеттік бағдарламалар мен жоба­лар­дың түрлі деңгейлердегі жекелеген шенеу­ніктердің біліксіздігінен «зардап шегіп» жатқа­нын баса айтты. Бүгінгі әкімшілік мемлекеттік қызмет­тің саяси деңгейге тәуелді екенін, бұл, тіпті, ешқандай саясатсыз кәсіби басқару қажет болған кездің өзінде де шешім қабыл­дау­ды саясаттандыратынын, мемлекеттік аппарат­­тағы жиі кездесетін белгілі бір­ қам­­қоршының патронаты тамыр-таныс­тық­ты туындатып, жемқорлық үшін­ жағ­дайлар туғызатынын, кадрлық әлеует­ті­ тө­мен­дететіндігін тілге тиек етті.­ Елба­сы­ның жанайқайында негіз бар.

 Жа­сы­ра­тыны жоқ, оқуды жаңа ғана біті­ріп келіп, белгілі бір аппараттың «майлы» жеріне орналасып алып, қарапайым халықтың көзін жәутеңдетіп, жер беретін жерде жер-жебіріне жетіп, рұқсат берер кезде ұрсып, дөрекі мінез көрсетіп, өткізген құжаттарын көрер көзге жоғалтып, сарсаңға салып, шаршатып жүрген шенеуніксымақтар жоқ емес. Өкінішке қарай, еркін экономиканы желеу етіп, дүниеқорлыққа, өзімшілдікке шалдыққан ондайлардың көпшілігі көке­лерінің арқасында бір түйме не бір ине өндірмей-ақ байығандар екендігін ел білмей отырған жоқ. Елбасының жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп келе жатқандығы да, үлкен мәжілістерде бірде қатты, бірде қатаң, бірде намысқа, бірде ұятқа салып, қайта-қайта айтып жүргені де тегін емес. Ел де, Елбасы да білмей отырған жоқ, мәселе әр адамның ары мен ұятында, құлқыны мен жұтқыншағында жатыр. Құлқыны таза еместің, қылығы таза болмайды. Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйе­­­сін реформалауда, аппараттың жұмы­сын­ қағазбастылықтан арылтуда, рес­пуб­ли­ка­­лық органдар мен жергілікті атқа­ру­­шы биліктің ара-қатынасын ажырату бағы­­тында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Осы­лайша, басқару мазмұны өзгеріп, елмен, халықпен ашық жұмыс істеудің жаңа сатысына көте­рілуге, мемлекеттік қызметтің жаңа сая­си­ мәдениетін қалыптастыруға қадам баспақшымыз.

Сөз жоқ, қазіргі басқару аппараттары­ның өзінде де күрделі жұмыстарды жү­зеге­ асыруға дайындығы бар, оған деген құлшы­нысы, рухани батылдығы, саяси­ ерік-күші жетерлік қызметкерлер аз емес.­ Ұлттық бағдарламаның «Кәсіби мем­лекеттік аппарат құру» тармағындағы мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы­сын нәтиже бойынша төлеу, лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу туралы алтыншы және жетінші қадамдарға да артылатын үміт мол. Әр өңірде жер жағдайы да, ел жағдайы да әртүрлі, халықтың саны да бөлекше. Мемлекеттік қызмет өңір тұрғындарының проблемаларын шешуге, әлеуметтік тұрмыс-жағдайын жақсартуға арналып, жұмыспен қамту, ел арасындағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты мыңдаған проблемалармен тікелей байланысты. Сондықтан жергілікті мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің санын тұрғындар санымен үйлестіріп белгілеу де өте маңызды. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау, жаңа этикалық ережелер енгізу туралы қабылданып жатқан он екінші қадамның да шенеуніктердің моральдық-этикалық болмысын қалыптастыруда атқаратын рөлі зор болмақ. Мемлекеттік қызметкер – ол, ең алдымен, халықтың қызметшісі болуы тиіс, тұрғындардың мұң-мұқтажын шешу үшін қызмет етуді басты міндеті деп санаған, өзін ешкімнен де биік қоймайтын, артық көрмейтін, елді бөлмейтін қызметкер ғана нағыз мемлекетшіл азамат деп бағалануы керек. Өкінішке қарай, ел арасында менменшіл, өркөкірек, жеке басының пайдасын мемлекет мүддесінен жоғары қоятын, ел байлығына қол сұғып, құлқыны тоймайтын шенеуніктер де жоқ емес. Ондайлармен мемлекет ымырасыз күрес те жүргізуде. Бір өкініштісі – сондайларға қарап, ел арасында бүкіл мемлекеттік қызметшілерді қаралау, жек көру, сенімсіздік білдіру психологиясы белең алып барады. Көрермендер үшін күлкілі, оқырмандар үшін осал тақырып әкімқаралар болды. Мемлекеттік қызметкерлер құқық қорғау органдарының ермегіне айналды. Жемқорлыққа қарсы сауатты, тәжірибелі, алдын ала профилактикалық жұмыс жүргізудің орнына қоғамда үрей орнату үшін түрлі деңгейдегі әкімдерді ұстап, бұқаралық ақпарат құралдарына бұрқыратып ақпарат беру үрдіс алды. Газет беттерінен оқысаң, тек әкімдік, министрлік қызметкерлері ғана жемқор сияқты, ал құқық қорғау органдарының арасынан ұсталғандар туралы ақпарат жоқтың қасы. Жемқорлықпен күресу – ел, мемлекет мүддесі, мемлекет басшысының мызғымас саясаты, халықтың, елдің, мемлекетіміздің дамуының басты кепілі. Оған дау жоқ. Айтпағымыз – мемлекет мүддесін ластап жүргендермен күресе отырып, мемлекеттік қызметті жерге ұрмауымыз керек. Мемлекеттік қызметкерлердің абыройын көтеру, абыройын сақтау, қорғау шараларын да қамту өте маңызды. Шекпендінің кемшілігін көрсетіп, мүлдем жазбасын, айтпасын демейміз. Бірақ, оларды негізсіз қудалап, артына түсіп, ар-намысына тимеген жөн. Қазіргі мемлекеттік қызметкерлер арасында күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айырылып, бүкіл өмірін мемлекет мүддесі үшін сарп етіп, бұйырған жалақыға тәубешілік жасап, таңертеңнен кешке дейін ел игілігі үшін қызмет етіп, әр тұрғынның мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көшенің, ауылдың тазалығы деп шырылдап жүрген шенеуніктер аз емес. Халық олардың асыл игіліктерін білгені абзал.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы

Просмотров: 2047 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: