АЗАМАТ БОЛУҒА МІНДЕТТІСІҢ!

Ұлы көршіміздің ақындық әлемінде өзіндік қолтаңбасы қалған әйгілі Н.Некрасовтың «Ақын бол-болма, бірақ азамат болуға міндеттісің» деген қанатты сөзі бар. Ендеше:

  • «Ежелгі – Тұран, бүгінгі – Қыран» Қазақстан Республикасын туған жерім деп санасаң, сайлау учаскесіне келіп, дауыс беріп, азамат болуға міндеттісің!
  • Жәнібек және Керей хандар іргесін қалап, соңынан ел тарихында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» атанған, Хақназар, Тәуекел, Жәңгір, Тәуке, Абылай хандар асқақтатқан Қазақ хандығының 550 жылдың мерейін құдіретін қадір тұтсаң, сайлау учаскесіне келіп, дауыс беріп, азамат болуға міндеттісің!
  • Кең де дарқан даламызға сұқтана көз тігіп, сырттан анталаған жаумен найзаның ұшымен, білектің күшімен аяусыз шайқасқа түскен Қабанбай, Бөгенбай, Баян, Наурызбай, Кенесары батырлардың баһадүр ерліктерін құрмет тұт ... Читать дальше »
Просмотров: 963 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/04/2015 | Комментарии (0)

ЕҢБЕКШІЛЕРДІҢ ТЫЛДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕГІ

Ұлы Отан соғысы жағдайларында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды (астық — 5 829 мың тонна, ет — 734 мың тонна, жүн — 17,6 мың центнер, 3194 мың центнер сүт пен басқа да азық-түлік өнімдері және өнеркәсіп үшін қажетті шикізат).

Малшылар да аянбай еңбек етті. Соғыс жылдары Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайларында техниканың жоқтығынан миллиондаған бас малды жемшөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. 1942 жылы колхоздар мен совхоздар етке 169,4 мың бас ірі қара мал (1941 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп), 878,1 мың кой (1941 жылмен салыстырғанда 3 есе дерлік көп) тапсырды. Еттің көп мөлшерде тапсырылуын ... Читать дальше »

Просмотров: 1026 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/04/2015 | Комментарии (0)

МӘҢГІЛІК АЛАУДЫҢ МӘРТТІГІ

Ұлы Жеңістің мерейлі жетпісінші көктемі қандай шуақты десеңізші!. Жыл сайын майда мамырмен келетін осынау мереке-мейрам әрбіріміз үшін сондай маңызды, сондай сағынышты ғой қашанда. Майдан кешіп, жырақта жүріп, өлімнің өткір жүзінде етігімен су кешкен ата-бабаларымыз көздің қарашығындай аманат етіп тапсырған құдіретті һәм мәртебелі Ұлы Жеңістің Туы ешқашан еңкеймек, ешқашан жығылмақ.

Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші ірі бөлігі болып табылатын Ұлы Отан соғысы бас сұқпаған ошақ-шаңырақ жоқтың қасы. Арам пиғылды фашистерді шыққан індеріне қайта тығуға өз еркімен аттанған жауынгерлер қатарында біреудің әкесі, біреудің аға-бауыры, біреудің атасы, біреудің жұбайы, біреудің қызы, біреудің келіні, біреудің анасы, біреудің баласы болды. Тылда қалған туған-туысқандардың, отандас-ағайындардың тыныш өмірі үшін, жау қолында қалып, азаттықты аңсаған елді мекендерді азат ету үшін жанын пида еткен сұрапыл соғыстың құрбанда ... Читать дальше »

Просмотров: 616 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/04/2015 | Комментарии (0)

БЕСҚАРАҒАЙДЫҢ БІРЕГЕЙ БАҺАДҮРЛЕРІ

Жетпісінші жылдың жүзіне айналып отырған Ұлы Жеңіс мерекесі! Қандай қиындықпен қол жеткізген осынау маңызды сәттің мәңгілігі өткенге тағзыммен қарайтын әрбір адами иманды азамат үшін қаншалықты асыл десеңізші.

Тағдырдың жазуымен һәм жазмыштың әмірімен қатарлары селдіреп қалған ардагерлерге мың тағзым. Майдан шебінен, ұрыс даласынан қайтпаған жауынгерлер рухына мың тағзым.

Басқасы басқа, ал өзіндік сара тарихы бар Бесқарағай ауылынан күркіреп күндей өткен сұм соғысқа өлім іздеген жауды өз ініне қайта тығуға атсалысқан жүрегінде түгі бар жауынгерлер аз болмады. Айталық, марқұм Жанпейсов Зейнолла ақсақалдың Алманияның Росток, Магдебург, Фрайбург қалаларын азат етуде, Эльба өзенінде болған жанкешті шайқасқа қатысқаны неге тұрарлық, ал Лебяжі ауданы бойынша соғыстың бірден-бір тірі куәгері болып отырған, тоқсанның үш жасқа бет алған Қасенов Қаблен ақсақалдың Оңтүстік-Шығыс, Дон, Украин, Белорус майд ... Читать дальше »

Просмотров: 654 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/04/2015 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН СОҒЫС ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕП, ҚАЙТА ҚҰРУ

Қазақстан түкпірдегі оңтүстік-батыс тыл бола отырып, үкімет шешімдеріне сай соғыстың алғашқы күндерінен бастап өз экономикасын майдан мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қарай бейімдеуге тиіс болды. Бұл — қорғаныс өнімдері мен стратегиялық шикізат өндірісін меңгеру мен кеңейту, өнеркәсіп құрылысын кең өрістету, еңбек және материалдық ресурстарды қайта бөлуді іске асыру, майдан шебіне жақын жерлерден әкелінген кәсіпорындарды қабылдау мен оларды жаңа жерлерде тез іске қосу деген сөз еді. Іс жүзінде материалдық және адам ресурстарын қайта бөлумен, өнеркәсіптегі майданға кеткен арнайы дайындығы бар мамандардың орнын жаңа жұмысшылармен толықтырумен қатар жүрген Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру басталды.

Немістердің КСРО-ның батыс аудандарын басып алуы С ... Читать дальше »

Просмотров: 2514 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/04/2015 | Комментарии (0)

 ҚАСЕНОВ ҚАБЛЕННІҢ ҚАҺАРМАНДЫҒЫ

Бесқарағайлықтар соғыс ардагері һәм ардақты ақсақал Қаблен Қасеновті мақтан етеді әрдайым. Ынтымағы айрандай ұйыған ел ішінде өнегелі өмірімен, игілікті ісімен бір қауым елге сондай сыйлы болып жүрген һәм көпті көрген көнекөз қарияның бірі де бірегейі. Қайсыбір үлкен ата-аға тәрізді ірілі-ұсақты басқосуларда жұрт алдына шығып, көсемсіп көп сөйлемейтін жанның және бірі. Кезінде атқарған қызметтерін көлденең тартып міндетсінбейді тағы. Сол сияқты өзін насихаттап, ешқашан мақтанбайды. Тоқсан екіні бағындырып, тоқсан үшке жол тартып жүрген соғыс ардагері Қаблен ақсақал міне осындай.

1923 жылдың 15 қаңтарында Павлодар қаласында дүниеге келген Қаблен бір жасқа толмай әкеден, одан сәл кейіндеу анадан жетім қалып, ағасы Кәмен екеуі әкесінің інісі Ж.Таубаевтың тәрбиесінде болып, ер жетіп өседі. Балалық, жастық шағы қазақты қынадай қырған ашаршылық зұлматымен тұспа-тұс келгендіктен, басқа ағайын-туысқандарыме ... Читать дальше »

Просмотров: 624 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/04/2015 | Комментарии (0)

ҚАҺАРМАН ПАРТИЗАНДАР

Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Украинаның партизандық құрамалары менотрядтарында (толық емес деректер бойынша) 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары, мен отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белоруссияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин т. б. батырларының есімі көпке танылды. Халық кекшілдерінің қатарында қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова т. б. аян ... Читать дальше »

Просмотров: 1644 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/04/2015 | Комментарии (0)

БІЗ КӨРМЕДІК СОҒЫСТЫ...

Біз көрмедік соғысты болып өткен,

Жан түршігер жаңғырығы алыс кеткен.

Барса келмес сұм соғыстың ақиқаты

Ардагерлер тұлғасымен бізге жеткен.

КСРО-ға жау жабылды тасадан,

Хабар етпей басып өтті шекарадан.

Отан үшін, ел үшін, Жеңіс үшін

Ағылды жауынгерлер қала-даладан.

Төтеп берді долы фашис күшіне,

Сенім артты тегеурінді өз күшіне.

Қан майданда, ұрыстарда асу асып,

Басқыншыларды қуып тықты өз ішіне.< ... Читать дальше »

Просмотров: 580 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/04/2015 | Комментарии (0)

РИЯСЫЗ РИЗАЛЫҚ

Қоғам арасында адал қызметімен танылып жүрген жандар аз емес. Сан мыңдаған мамандықтар ішінде қисыны қиын жұмыстың бірі – тәртіп сақшысы. Ел тыныштығын, қоғам қауіпсіздігін тәулік бойы назарда ұстайтын полицияға деген құрмет те шексіз.

Жақында Лебяжі аудандық полиция қызметкерлері Бесқарағай ауылының тұрғыны Г.Сейітованы кәсіби қызмет әрекеті арқылы бір қуантып тастады. Өйткені олар қолға түсірген К. есімді азамат азаматша Г.Сейітоваға қарызын беруден жалтарып, әбден әуре-сарсаңға салған көрінеді. Ақырында міне полиция қызметкерлерінің қырағы іскерлігі арқасында қолға түсті. Қызметке деген адалдық деп осыны айтса керек.

Риясыз ризалығы қойнына сыймаған Г.Сейітова Лебяжі аудандық ішкі істер бөлімі бастығы, полиция полковнигі К.Ж.Түсіпбаевқа, полиция қызметкерлері Р.Ж.Жортаровқа һәм С.С.Қуанышпаевқа, т.б. осынау қылмыстық істі сәтті сабақтауға атсалысқандары үшін алғыс білдіруді жөн көрді. Көңілі жай тапқан а ... Читать дальше »

Просмотров: 677 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/04/2015 | Комментарии (0)