ҚҰРМЕТ-ҚАДІРЛІ ҚАПАНОВТАР

Әлбетте, отбасы – «қоғам» атты алып ұяның маңызды һәм бірегей ұяшығы. Бұл қағидат тұрақты заңдылыққа ие болғаны да бүгін емес. Заманның қандайма аумалы-төкпелілігіне, тағдырдың бірде олай, бірде бұлай ирелеңдеуіне және тағы басқа қисынына қарамастан, көтерген шаңырақтың шайқалуына ешбір мүмкіндік бермейтін, асыл дәстүрлерді адамгершілікпен пір тұтатын үлгілі отбасыларға деген алғыста шек жоқ қой.

Күн артынан күн, ай артынан ай жылжып өтіп жатқан биылғы жылы екеуара шаңырақ көтеріп, отасқандарына елу жыл толып отырған мерейлі Қапановтар отбасы жайында әңгімелеудің сәтін сәтімен сабақтап көрейік. Оның үстіне алтын той иелеріне деген құрмет-қадірдің өскелең ұрпақ үшін берер үлгісі болсын деген қарапайым ниет.

Осыдан жарты ғасыр бұрын заңды түрде некелерін қиып, отау тігіп, шаңырақ көтерген Тілектес және Ләззат Қапановтар үш ұл мен төрт қыздың ата-анасы болды. Жылдар өте өздері мәпелеп өс ... Читать дальше »

Просмотров: 920 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 23/09/2014 | Комментарии (0)

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖЕЛЕКТЕСЕ ИГІ

Аптаның соңын ала келетін демалыс күні – жексенбіге қарамастан Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің һәм Қызылағаш ауылдық округі аппаратының ұжымдары қолдарына күрек, суқұйғыш, шелек алып, біпр адамдай атаулы мекемелер алдына Күн көтеріле жиналды. Күні бұрын ылди орналасқан орманнан, ауыл ішіндегі бұзып алынған үй орындарынан, жергілікті тұрғындар ауласынан өсімтал ағаш түрлерінің тамыр жайған түптері суға салынып қойылған еді.

Білектерін сыбанған білекті жігіттер белгіленген орындарда жер топырағын бетке шығарып, тиісті тереңдіктегі шұңқыршаларға тамыр жайған ағаш түрлерінің түптерін баппен отырғызды. Ал қолдарында суға толы суқұйғыштары, шелектері бар аяулы жандар жаңа ғана отырғызылған жас өскіндерге мейірімділік таныта су құйды.

Ұлы Отан соғысы жауынгерлер рухына тұрғызылған Даңқ орнын айнала қоршалған аумақта Қызылағаш ауылдық округі аппаратының бірлігі нық ұжымы өз алдына жас өскі ... Читать дальше »

Просмотров: 735 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 23/09/2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАДІРЛІ ҚҰДІРЕТІ

Әлбетте, тіл – қай ұлттың болмасын тарихы һәм тағдыры, тәлімі һәм тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Өткен ғас ... Читать дальше »

Просмотров: 898 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 23/09/2014 | Комментарии (0)

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ

            Жақында Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің информатика дәрісханасында Ұлттық білім берудің деректер қорын ресімдеу бойынша аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің, бала бақшалардың, қосымша білім беру мемлекеттік мекемелер директорларының, оқу істері меңгерушілерінің, информатика мұғалімдерінің қатысуымен Павлодар облыстық білім басқармасы һәм білім саласы бойынша аймақтық ақпараттық технологиялар орталығының мұрындық болуымен қажетті семинар өткізілді. Атаулы шараға жетекшілікті аймақтық ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Б.Қазтаева атқарды.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын елімізде жаппай Ұлттық білім берудің деректер қорын электронды түрде ресімдеу статистикасы қолға алынған еді. Ауыл-аудандардан жинақталған электронды қор аймаққа, одан қала берді Астанадағы Қазақстан Республикасы білім және ғы ... Читать дальше »

Просмотров: 782 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 23/09/2014 | Комментарии (0)

МЕНІҢ ЖАНҰЯМ – МЕНІҢ ҚУАНЫШЫМ!

Былтырдан бері елімізде кеңінен аталып келе жатқан Отбасы күніне орай Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жуырда осындай атпен тәрбие-тағылымдық шараны білім ордасындағы «Ойын-сауық» жоғары сынып оқушылары тобы өткізді.

Атаулы өнеге сабағында Шәріп жанұясы һәм Смакотиндер отбасы екеуара қатысты. Әуелден таратылған шартар желісімен бастапқы бетте отанасының әрбірі өз жанұясының қалыптасып қалған игі салт-дәстүрлерін қызықты түрде әңгімеледі. Осынау шараны тізгіндеген қос оқушы Арина Галушко мен Светлана Смакотина отбасы туралы мақал-мәтелдер және жанұядағы ырым-жоралғылар желісімен шағын викториналарды әзіл-қалжыңды түрде өткізіп, көрермендер мен қатысушылардың көңіл-күйлерін бір серпілтіп тастады.

Тақтада ілінген плакатта тор көздерде жасырылған сөздердің жауабын шеше отырып, туыстық атауларды бір парасын жинақтап алды. Қатысушылар жанұя тақырыбын ту еткен танымал әнде ... Читать дальше »

Просмотров: 695 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 23/09/2014 | Комментарии (0)

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ МЕРЕЙЛЕДІ

Қыркүйектің жаймашуақ алғашқы аптасының сенбісінде Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне қарасты аулалық спорт алаңдарында 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл» деген ұранмен бойына көңілді жарыстарды, эстафеталарды, басқа да спорттық сайыстарды жинаған Денсаулық фестивалі өткізілді.

Жылы сәулесін шашқан алтын Күннің көтерілуімен мектеп алдына жиналған әрі жарасымды спорт киімдерін киіп шыққан мектеп оқушылары, мұғалімдер һәм басқа да қызметкерлер не бел, не белбеу кеткенше қызу спорт тартыстарына білек сыбана кірісіп кетті.

Бастапқы бетте бастауыш буын оқушылары өз алдына, орта буын оқушылары бөлек, жоғары сынып оқушылары өздігінен белгіленген қашықтыққа эстафетаға шықты. Одан арықарай жеке-жеке спорттық жарыстар жүзеге асырылды. Айталық, дене шынықтыру мұғалім ... Читать дальше »

Просмотров: 660 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 23/09/2014 | Комментарии (0)