МЕНІ БАҚЫТТЫ ЕТКЕН ТУҒАН ӨЛКЕМ!

Әлқисса, жыл басынан бері айтудай-ақ айтылып, жазудай-ақ жазылып келген Лебяжі ауданының жетпіс бес жылдық мерейтойының шарықтау биігіне де қол жеткіздік. Аймақтың даму тарихында ойып тұрып орын алатын осынау ауданның бағындырған белестері һәм асқарлаған асулары бір төбе. Ерен еңбектің таптырмас та қайталанбас үлгісін танытқан нар тұлғалар да жетерлік. Бір емес, бірнеше томды құрайтындай-ақ тарихи-танымдық кітап жазуға әбден болады ғой, шіркін!

Аптаның қасиетті күні жұмада Аққудағы Мәдениет үйінің алдында сән-салтанатпен киінген адам қарасы аз болмады. Әрбірінің жүзі алтын Күннің жаймашуақ сәулесімен нұрланды. Шатыр түрінде тігілген орындарда дәм-тұзға толы қазақы дастарқан жайылып, келген мейман-қонақтарға құрмет-қошемет көрсетілді. Мәдениет ошағының кең де жарық кіреберісінде орнатылған түрлі түсті теледидардан аудан тарихынан сыр шерткен танымдық деректі фильм көрсетілді. Сонымен бірге Лебяжі ауданыны ... Читать дальше »

Просмотров: 888 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/09/2014 | Комментарии (0)

СӘЛЕМ САҒАН, МЕКТЕБІМ!

Күз мезгілінің келуін паш ететін бірінші қыркүйекте еліміздің мектептер орын тепкен барлық елді мекендерінде күміс қоңыраудың сыңғырымен жаңа оқу жылының маусымы шымылдығы ашылды.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде осынау маңызды салтанатты сапжиын «Сәлем саған, мектебім!» деген тақырыппен ұйымдасқан түрде жүзеге асырылды.

Құттықтау рәсімінде өз алдына сөз алған ауданнан келген өкіл, «Нұр Отан» партиясы Лебяжі аудандық филилалы төрайымының орынбасары С.Мусина қашанғы қызыл тілді шешендіктің үлгісін таныта отыра әрі еліміздің дамуына айырықша кепіл болып отырған жетекші саяси-қоғамдық күш «Нұр Отан» партиясының көшбасшылық ұстанымын мемлекеттік тұрғыдан екшей келе бесқарағайлықтар мен келген қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтады. Сонымен бірге Светлана Рақымтайқызы ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгіге» қол жеткізген биы ... Читать дальше »

Просмотров: 1030 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/09/2014 | Комментарии (0)

АТА ЗАҢ және БІЗ

Еліміздің басты құжаты – Конституциямыздың он тоғыз жылдық мемлекеттік мейрамы Бесқарағай ауылында мерекеленді.

«Ата Заң және біз» деген атпен мектеп алдында ұйымдастырылған салтанатты шара барысында тарих пәні мұғалімі М.Оспанова көрермендер назарына Қазақстан Республикасы Конституциясы хақында тарихи-танымдық баяндамасын оқып берді. Ауыл тұрғындарын құттықтауға шыққан Қызылағаш ауылдық округі әкімі Ж.Байтілеуова Ата Заңымыздың мемлекеттік маңыздылығын нақты дәлелдер жүзінде негіздеді. Еліміздің қарыштап дамуының бірден-бір кепілі де Конституцияны еліміздің әрбір азаматы бір адамдай құрметтеп, асылындай қадірлеу қажеттігін ерекше екшеді.

Концерттік бағдарлама барысында әншілік өнерімен танылып жүрген ауыл зейнеткерлері Е.Ибрагимов және Д.Дөненбаева гармон аспабының сүйемелдеуімен «көңілге түрлі ой салар» қазақ әндерін шырқап, көрермендердің көңілін бір марқайтып, шексіз қошеметке ... Читать дальше »

Просмотров: 714 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/09/2014 | Комментарии (0)