22:52
Отбасы күніне тарту

МЕНІҢ ЖАНҰЯМ – МЕНІҢ ҚУАНЫШЫМ!

Былтырдан бері елімізде кеңінен аталып келе жатқан Отбасы күніне орай Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жуырда осындай атпен тәрбие-тағылымдық шараны білім ордасындағы «Ойын-сауық» жоғары сынып оқушылары тобы өткізді.

Атаулы өнеге сабағында Шәріп жанұясы һәм Смакотиндер отбасы екеуара қатысты. Әуелден таратылған шартар желісімен бастапқы бетте отанасының әрбірі өз жанұясының қалыптасып қалған игі салт-дәстүрлерін қызықты түрде әңгімеледі. Осынау шараны тізгіндеген қос оқушы Арина Галушко мен Светлана Смакотина отбасы туралы мақал-мәтелдер және жанұядағы ырым-жоралғылар желісімен шағын викториналарды әзіл-қалжыңды түрде өткізіп, көрермендер мен қатысушылардың көңіл-күйлерін бір серпілтіп тастады.

Тақтада ілінген плакатта тор көздерде жасырылған сөздердің жауабын шеше отырып, туыстық атауларды бір парасын жинақтап алды. Қатысушылар жанұя тақырыбын ту еткен танымал әндерден үзінділерді шырқады. Әр жанұя армандап жүрген қиялдағы керемет дүнияларын формат бетіне әдемілеп бейнелеуге тырысты. Анасы баласының нелерді сондай қалайтындығына дейін сыр тарқатты.

Шара соңында белсенділік таныта қатысқан екі жанұяға да естелік сыйлықтар ұйымдастырушылар тарапынан құрметпен тартылды.   

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i]

Бесқарағай  ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

[i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, №3741-мүшелік билет

Просмотров: 696 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: