22:49
Саламатты Қазақстан

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ МЕРЕЙЛЕДІ

Қыркүйектің жаймашуақ алғашқы аптасының сенбісінде Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне қарасты аулалық спорт алаңдарында 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл» деген ұранмен бойына көңілді жарыстарды, эстафеталарды, басқа да спорттық сайыстарды жинаған Денсаулық фестивалі өткізілді.

Жылы сәулесін шашқан алтын Күннің көтерілуімен мектеп алдына жиналған әрі жарасымды спорт киімдерін киіп шыққан мектеп оқушылары, мұғалімдер һәм басқа да қызметкерлер не бел, не белбеу кеткенше қызу спорт тартыстарына білек сыбана кірісіп кетті.

Бастапқы бетте бастауыш буын оқушылары өз алдына, орта буын оқушылары бөлек, жоғары сынып оқушылары өздігінен белгіленген қашықтыққа эстафетаға шықты. Одан арықарай жеке-жеке спорттық жарыстар жүзеге асырылды. Айталық, дене шынықтыру мұғалімі Ж.Түсіпов бастауыш сынып балалары арасында тартысқа толы «Көңілді жарыстар» жаслауын желбіретсе, дене шынықтыру мұғалімі Қ.Балағазинов орта буын ұлдары арасында шағын футболдан кездесу өткізді, ал дене шынықтыру мұғалімі А.Баев оқушы қыздарды және мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерін қатыстырып, доппен ойналатын түрліше тартыстарды жүзеге асырды.

Салауатты өмір салтын барынша үгіттейтін, насихаттайтын «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының беретін пайдасы ұшаң-теңіз. Денсаулыққа зиянды әдет-қылықтардан ада болуға үйрететін осынау шара мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайтуға пайдалы септігін тигізеді. Сондықтан да болар Денсаулық фестиваліне белсене қатысқан бесқарағайлық оқушылар, мұғалімдер, қызметкерлер өзіне қажетті оңтайлы әсерлерді мейілінше алғанында еш күмән жоқ.  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i]

Бесқарағай  ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

[i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, №3741-мүшелік билет

Просмотров: 660 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: