11:50
Игі дәстүр ізімен

АТА ЗАҢ және БІЗ

Еліміздің басты құжаты – Конституциямыздың он тоғыз жылдық мемлекеттік мейрамы Бесқарағай ауылында мерекеленді.

«Ата Заң және біз» деген атпен мектеп алдында ұйымдастырылған салтанатты шара барысында тарих пәні мұғалімі М.Оспанова көрермендер назарына Қазақстан Республикасы Конституциясы хақында тарихи-танымдық баяндамасын оқып берді. Ауыл тұрғындарын құттықтауға шыққан Қызылағаш ауылдық округі әкімі Ж.Байтілеуова Ата Заңымыздың мемлекеттік маңыздылығын нақты дәлелдер жүзінде негіздеді. Еліміздің қарыштап дамуының бірден-бір кепілі де Конституцияны еліміздің әрбір азаматы бір адамдай құрметтеп, асылындай қадірлеу қажеттігін ерекше екшеді.

Концерттік бағдарлама барысында әншілік өнерімен танылып жүрген ауыл зейнеткерлері Е.Ибрагимов және Д.Дөненбаева гармон аспабының сүйемелдеуімен «көңілге түрлі ой салар» қазақ әндерін шырқап, көрермендердің көңілін бір марқайтып, шексіз қошеметке бөленді.  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i]

Бесқарағай  ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

[i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, №3741-мүшелік билет

Просмотров: 714 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: