ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛМЕНЕН
Қасиетіңнен айналайын – Қазақстаным!
Құдіретті һәм асқаралы нұр Отаным!
Қызыл қанмен жазылған тарихы бар,
Қарыштай ілгерілеген Барысстаным!
 
Алға қарай шақырады зор болашақ,
Алдағы күннен бар-ау біздің алашақ.
Аспандайды заңғарлана еркін Қыран,
Алтын Күн – шапағатты баянды шақ.
Просмотров: 749 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/12/2011 | Комментарии (0)

Биылғы жылдың желтоқсан айының алғашқы жартысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шаралар мектеп қабырғасында толайым түрде жүзеге асырылды. Айталық, 8 желтоқсанда мектептің кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен мектеп қызметкерлері арасында мерекелік спартакиада өткізілді. Өзара жарысқа түскен қызметкерлер жан алысып, жан берісіп, қызықты жарыс қызықтарын бастан кешірді. Сонымен бірге 5-11 сынып оқушылары арасында өткен көңілді жарыстар да тамаша әсер қалдырды. 14 желтоқсанда ОІМ Ибраһим Б.К. Желтоқсан қозғалысының 25 жылдығына арнап "Желтоқсан айнасы" атты шара өткізіп, соның барысында "Аллажар" көркем-деректі фильмін көрсетіп, көрермендер назарына М.Шахановтың "Желтоқсан айнасы", Б.Мұқайдың "Өмірзая", М.Шайырдың "О, данышпан дүние!", Б.Қыдырбекұлының "Алатау", Б.Нұржекеұлының "Жау жағадан алғанда" атты көлемді көркем шығармалары хақында шолу-әңгіме өрбітті. 13 желтоқсанда мектеп мәжіліс залында қолданбалы-декоративтік өнер көрмесі ұйымдастырылып, оған арн ... Читать дальше »
Просмотров: 940 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/12/2011 | Комментарии (0)