ТӘУЕЛСІЗДІК!
Тәуелсіздік – мемлекеттік белгісі,
Артта қалған отарлаудың езгісі.
Жеке түске ие болған картада,
Жаңа ғасыр, жаңа толқын еншісі.
 
Тәуелсіздік – Желтоқсанның жарлығы,
«Қазақстан!» деп мойындаған барлығы.
Мемлекеттік нышандары асқақтап,
Көзге түскен Қайрат пенен қайсарлығы.
 
Тәуелсіздік – Нұрсұлтандай президент,
Ел қалаған Үкімет пен Парламент.
Әлем-жаһан аумағына танылған,
Шоқтығы биік саясат пен өркениет.
 
Тәуелсіздік – қос арыстай Ата Заң,
Адал, әділ сенім берген нұрлы таң.
Адамият мәртебесін қорғаған,
Сабырлы да қанағатты Таңшолпан.
 
Тәуелсіздік! Тоқтар, Талғат – қос қыран,
Ғарыш шарлап аттанған ақ зымыран.
Құт-береке қазақ жері – Байқоңыр,
... Читать дальше »
Просмотров: 906 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/12/2011 | Комментарии (0)

29 қарашада Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінде негізгі пәндерден 5-7 сынып оқушылары арасында аудандық кіші олимпиада өткізілді. Бұған бесқарағайлық 8 оқушы қатысты. Сонымен бірге Шакиров Е.А., Ибраһим Б.К., Қапанова Г.Ж., Белгібаева А.М., Түсіпова С.Н. әділқазы алқасының құрамында қызмет атқарды. Нәтижесінде, 6 қазақ сынып оқушысы Ерсайынова Гүлнұр ағылшын тілінен І орынды (пән мұғалімі Қапанова Г.Ж.), 6 қазақ сынып оқушысы Аубакирова Әйгерім қазақ тілі мен әдебиетінен ІІ орынды (пән мұғалімі Молдабаева Н.С.), 7 қазақ сынып оқушысы Шаймұрат Айбарыс математикадан ІІ орынды (пән мұғалімі Берден Ш.), 7 орыс сынып оқушысы Молокова Александра географиядан ІІ орынды (пән мұғалімі Мүсілімова Ғ.Н.), 6 қазақ сынып оқушысы Қыстаубаева Айдана орыс тілінен ІІІ орынды (пән мұғалімі Мазанова Б.Т.) жеңіп алды. Бәрекелді!
Просмотров: 753 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/12/2011 | Комментарии (0)

АЙНАЛАЙЫН ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІ
Алты Алаш айбатынан жаралған,
Алауынан Желтоқсанның қуат алған.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Аждаһаның аранынан босанған.
 
Отарлау һәм езгіге де шыдаған,
Қайран қазақ жас емес, қан жылаған.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Қырандайын бүгін еркін парлаған.
 
Қазақ халі шектелді де байланды,
Хандық құрып, ояз-болыс сайланды.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Бодандықта аман қалған нең қалды?!
 
Қазақ тілі мәртебеден айырылды,
Діл қанаты омақаса қайырылды.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Тіл де, діл де есеюге күш алды.
 
Атаулары қазақтың ұмытылды,
Арыстары Алаштың опат болды.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Әманда біз тілейміз ақ жол ... Читать дальше »
Просмотров: 704 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/12/2011 | Комментарии (0)

28 қарашада аудан орталығындағы Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің үр жаңартылған Мәжіліс залында жоғары сынып оқушларының аудандық форумы өткізілді. Бұл шара Тәуелсіздіктің 20 жылығына арналды. Бұған біздің мектебімізден 10-11 сынып оқушылары, 9 сынып оқушысы Дәулетов Ардақ қатысты. 10 қазақ сынып оқушысы Жоламанов Рамазан аудандық "Ел үміті" қоғамдық бірлестігінің Мадақтама грамотасымен қоғамдық өмірге белсене қатысып жүргені үшін марапатталды. Бәрекелді!
Просмотров: 741 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/12/2011 | Комментарии (0)

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРАМДАРЫ
Тәуелсіздік – ежелден-ақ аңсауымыз,
Күлтегін, Едіге көтерген көк туымыз.
Айбыны түріктердің айшықталған,
Жығылмайтын, асқар, биік тұғырымыз.
 
Тәуелсіздік – Талас, Тұран даласы,
Ертіс, Еділ, Жайық, Сыр, Шу саласы.
Айбары қазақтардың айқындалған,
Шын өзегі, бар ма біреудің таласы.
 
Тәуелсіздік – Жәнібек, Керей, Қасым, Берке,
Хақназар, Есім, Абылай, Тәуекел, Тәуке.
Құдіретті қазағымның хандығы,
Алтын заман – тірлігі нық береке.
 
Тәуелсіздік - Әбілқайыр, батыр Сырым,
Исатай, Кенесары, баһадүр дүйім.
Жанға батқан бодандыққа бой бермеген,
Амангелді, Бекболаттай бірегейім.
 
Тәуелсіздік – ардақты Алаш арманы,
Зиялылар бола білгенәз құрбаны.
Ұлы жолда б ... Читать дальше »
Просмотров: 773 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/12/2011 | Комментарии (0)