14:25
Тәуелсіздік мерейтойына арналған шаралар шеруі
Биылғы жылдың желтоқсан айының алғашқы жартысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шаралар мектеп қабырғасында толайым түрде жүзеге асырылды. Айталық, 8 желтоқсанда мектептің кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен мектеп қызметкерлері арасында мерекелік спартакиада өткізілді. Өзара жарысқа түскен қызметкерлер жан алысып, жан берісіп, қызықты жарыс қызықтарын бастан кешірді. Сонымен бірге 5-11 сынып оқушылары арасында өткен көңілді жарыстар да тамаша әсер қалдырды. 14 желтоқсанда ОІМ Ибраһим Б.К. Желтоқсан қозғалысының 25 жылдығына арнап "Желтоқсан айнасы" атты шара өткізіп, соның барысында "Аллажар" көркем-деректі фильмін көрсетіп, көрермендер назарына М.Шахановтың "Желтоқсан айнасы", Б.Мұқайдың "Өмірзая", М.Шайырдың "О, данышпан дүние!", Б.Қыдырбекұлының "Алатау", Б.Нұржекеұлының "Жау жағадан алғанда" атты көлемді көркем шығармалары хақында шолу-әңгіме өрбітті. 13 желтоқсанда мектеп мәжіліс залында қолданбалы-декоративтік өнер көрмесі ұйымдастырылып, оған арнайы түрде аудан әкімі орынбасары Сағындықов Н.Ө. қатысты. Ал 16 желтоқсанда мәжіліс залында "Тәуелсіздік - қазақ рухы!" атты салтанатты-мерекелік салтанаты өткізілді. Онда аудан әкімінің, ауыл әкімінің, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің алғыс хаттары бірқатар бесқарағайлықтарға табыс етілді. Жуырда Алматыда өткен көрме сайысында 1 орынға ие болған 9 сынып оқушысы Жұмаш Асхатқа Диплом жәе бағалы сыйлық бейнекамера, ал оны дайындаған ұстаз Асанов Қ.Қ. сертификат та табыс етілді. Артынша патриоттық әндер мен арнау өлеңдермен самсаған мерекелік концерт қойылды. Бәрі де мәз-мейрам, бәрі де шат-шадыман болды. Бәрекелді! Тәуелсізідігіміздің мерейі асқақтай берсін! Сонымен қатар осы айтылғандарға ауданда болған, облыс аумағында мерекелік шараларға қатысқан бесқарағайлық оқушылар мен мұғалімдердің, азаматтардың бірде қатысуын, бірде марапатқа ие болуын қосыңыз... Нұр үстіне нұр жауды дегеніміз осы да.
Просмотров: 940 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: