14:30
Жиырма жылдың жаршысы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛМЕНЕН
Қасиетіңнен айналайын – Қазақстаным!
Құдіретті һәм асқаралы нұр Отаным!
Қызыл қанмен жазылған тарихы бар,
Қарыштай ілгерілеген Барысстаным!
 
Алға қарай шақырады зор болашақ,
Алдағы күннен бар-ау біздің алашақ.
Аспандайды заңғарлана еркін Қыран,
Алтын Күн – шапағатты баянды шақ.
 
Зымырандай жедел түрде дамудамыз,
Заманға сай берік елдік ордамыз.
Зиян менен залалға біз жоламаймыз,
Задында, заманауи қоғам құрудамыз.
 
Асқақ арман іске асуда ілгерілеп,
Ағайын-жұрт күн кешуде күн күлімдеп.
Айналананы анадай бауырға басып,
Арқадан еркелей еседі жылы леп.
 
Құшағына жүз отыз ұлтты бауыр басқан,
Құрмет тұта, бірлік сақтай қол ұстасқан.
Құрыш білек, іскер білік, адал еңбек,
Құмырсқаның илеуіндей бек ұштасқан.
 
Сан өндіріс қанат жайып өркендеуде,
Сан соқтырмас ояу санат, тегеурінді кеуде.
Сәт сайын өркендеген ұлы жолда,
Сыр бермеуге біз береміз ант-уәде.
 
Талапты әсте ту етеміз биік ұстай,
Талант бізден арылмайды жаздай, қыстай.
Талан-тараж, парақорлық – арам амал,
Талқандаймыз ондайларды қырғи құстай.
 
Ана мен бала мәртебесін өсіреміз,
Ар-ожданды кемсітуді біз өшіреміз.
Асқақтаған абыройды пір тұтатын,
Асылында, берік-ау біздің іргеміз.
 
Нұрлы шуақ қуат беруде сәт сайын,
Нұрлы жол шақырады Анадайын.
Нұрлы замат басымыздан өтіп жатыр,
Нұрлы керуенге күш беруге біз дайын.
 
Дала менен қаланың дарқан мекені,
Даму менен қарыштаудың таусылмас кені.
Демократияны өзгелерге үлгі еткен,
Діл мен діні үйлескендер Атамекені.
 
Ықыласпен оқу шынын бағындырамыз,
Ысырапсыз-ақ ел іргесін құрамыз.
Ырысы телегей-теңіз осынау мекенде,
Ынтымақ сақтай тату-тәтті тұрамыз.
 
Қазақ жері – қос құрлықтың тоғысуы,
Қазақ елінің мейірімді-ау жүрек жылуы.
Қиын-қыстау, қуғын-сүргін жылдарында,
Қанша жанға пана болды ауа мен суы.
 
Жолдауымен халқына жөн сілтеді Елбасы,
Жаңа жолды шын қолдауда үлкен-жасы.
Жарқын мақсат Қазақстанның еншісінде,
Жеделменен өрмелесін өрге тасы.
 
Осындайда айқындалар бірлігіміз,
Оңды болар келісе пішкен тірлігіміз.
Осалдық һәм олқылыққа жол бермейік,
Оңтайлана көзге түссін шын ірілігіміз.
 
Лаңкестікке бір адамдай жол бермелік,
Лаңқұмарлар қыр соңынан еш ермелік.
Ләззатынан бұл жалғанның рахат тауып,
Лебімен жақсылықтың өмір сүрелік.
 
Мемлекетім – қос құрлықтың бесігі,
Мәртебелі тұғырымен еңселі.
Мәніменен, сәніменен берекелі,
Мәрттігімен айшықталған Қыран елі.
 
Еуропа ынтымақтастығының жігері,
Еуропа қауіпсіздігінің тірегі.
Есте қалар саммит өткен Астана –
Елордамыз – Еуразияның жүрегі.
 
Нән дамудың индустриалды мекені,
Нанотехнологияның инновациялық кешені.
«Нар жолында жүгі қалмас» жігерімен,
Нәр беретін қазба толы тау мен кені.
 
Ерлігімен танылды ғой сан баһадүр,
Ерен еңбек арқау болған өлең мен жыр.
Еңселі пырақтаған Азиада,
Ел намысын асқақтатты тұлпар-дүлдүл.
 
Нұрлы мекен – жиырма жылдың жемісі,
Нұрлы байрақ – үдемелі даму жеңісі,
Нұрлы жүздер – Ынтымақ, Бірлік еншісі,
Нұрсұлтан – Бейбітшіліктің елшісі!
ШАҺМАНТЕГҢ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 750 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: