20:22
Апта тынысынан
29 қарашада Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінде негізгі пәндерден 5-7 сынып оқушылары арасында аудандық кіші олимпиада өткізілді. Бұған бесқарағайлық 8 оқушы қатысты. Сонымен бірге Шакиров Е.А., Ибраһим Б.К., Қапанова Г.Ж., Белгібаева А.М., Түсіпова С.Н. әділқазы алқасының құрамында қызмет атқарды. Нәтижесінде, 6 қазақ сынып оқушысы Ерсайынова Гүлнұр ағылшын тілінен І орынды (пән мұғалімі Қапанова Г.Ж.), 6 қазақ сынып оқушысы Аубакирова Әйгерім қазақ тілі мен әдебиетінен ІІ орынды (пән мұғалімі Молдабаева Н.С.), 7 қазақ сынып оқушысы Шаймұрат Айбарыс математикадан ІІ орынды (пән мұғалімі Берден Ш.), 7 орыс сынып оқушысы Молокова Александра географиядан ІІ орынды (пән мұғалімі Мүсілімова Ғ.Н.), 6 қазақ сынып оқушысы Қыстаубаева Айдана орыс тілінен ІІІ орынды (пән мұғалімі Мазанова Б.Т.) жеңіп алды. Бәрекелді!
Просмотров: 754 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: