20:26
Жиырма жылдың жаршысы
ТӘУЕЛСІЗДІК!
Тәуелсіздік – мемлекеттік белгісі,
Артта қалған отарлаудың езгісі.
Жеке түске ие болған картада,
Жаңа ғасыр, жаңа толқын еншісі.
 
Тәуелсіздік – Желтоқсанның жарлығы,
«Қазақстан!» деп мойындаған барлығы.
Мемлекеттік нышандары асқақтап,
Көзге түскен Қайрат пенен қайсарлығы.
 
Тәуелсіздік – Нұрсұлтандай президент,
Ел қалаған Үкімет пен Парламент.
Әлем-жаһан аумағына танылған,
Шоқтығы биік саясат пен өркениет.
 
Тәуелсіздік – қос арыстай Ата Заң,
Адал, әділ сенім берген нұрлы таң.
Адамият мәртебесін қорғаған,
Сабырлы да қанағатты Таңшолпан.
 
Тәуелсіздік! Тоқтар, Талғат – қос қыран,
Ғарыш шарлап аттанған ақ зымыран.
Құт-береке қазақ жері – Байқоңыр,
Дүние назары ауған баһадүр Тұран.
 
Тәуелсіздік – маңызы зор ұлттық Теңге,
Сапасы мен көркіменен танылған кеңге.
Баба, дана діліменен тұлғаланған,
Күннен күнге құт әкелер қалың елге.
 
Тәуелсіздік – қуғын-сүргін құрьандары,
Қаралы дақ, жылатар зар-мұңдары.
Таза ісі анықталып, ақталған,
Қатарға оралған аяулы, асыл жандары.
 
Тәуелсіздік – жүзден аса ұлт достығы,
Ұлттық дәстүр, әдет, тіл, дін бостығы.
Ынтымақ пен татулығы жарасқан,
Халықтар бірлігі мен бауырмал ыстығы.
 
Тәуелсіздік! Қазақ тілі – құдірет,
Мемлекеттік тұғыры бар құзырет.
Ана тілі – киелі, құнды басты меже,
Алынбасын қыспаққа, тартпасын тауқымет.
 
Тәуелсіздік – ел көтерген ғылым, мәдениет,
Күллі ғаламды тамсандырған төл әдебиет.
Аға ұрпақ аманат еткен қазына
Кейінгіге болсын үлгі, демеу, өсиет.
 
Тәуелсіздік – жас мемлекет Қазақстан,
Қымбатты да сымбатты Ұлы Отан.
Жеткізсін «2030» Алаш елін,
Танылсын, дамысын, жасасын –
Елдігімен қымбат санатты,
Барыстай айбат қайратты,
Қырандай еркін қанатты –
қазақ жері, егеменді Қазақстан!
ШАҺМАНТЕГҢ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 907 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: