БЕС ЖЫЛ БОЙЫ...
Сұм соғысты Жеңіс жеңді ақыры,
Шаршады Жер, көрінді жүдеу тақыры.
Бес жыл бойы ауыр майдан, арпалыс,
Танылып сан баһадүр сыр-қыры.
 
Адамзат көрмеп еді зор алапат,
Бомба, мина, снаряд һәм жарылғыш зат.
Бес жыл бойы қиын-қыстау, қиналыс,
Жаулап алды жер-жаһанды танк, автомат.
 
Фашис біткен жамиғаттың алды мазасын,
Бейбіт халық тартты талай жазасын.
Бес жыл бойы суыт хабар, қара қағаз,
Өлгендердің кім толтырар қазасын.
 
Сұм фашизм пәле болып жабысты,
У-зәрімен бейбітшілікті тауысты.
Бес жыл бойы аждаһадай айбат шекті,
Айуандықтан Гитлердің есі ауысты.
 
Қан майданға жауынгерлер аттанды,
Алмастырып кешке кешті, таңға таңды.
Бес жыл ... Читать дальше »
Просмотров: 784 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 18/04/2010 | Комментарии (0)

Биылғы жылдың 12 сәуірінде мектебіміздің ҰБТ-ға қатысатын бес оқушысы аудан орталығы Аққуда Инновациялық Еуразиялық университет тарапынан ұйымдастырылған дайындық тестілеуіне қатысып келді. Нәтижесінде, бесқарағайлық болашақ түлектер орташа балл көрсеткіші бойынша 81-ге жуық көрсетті. Бұл өте жақсы нәтиже деп бағалауға болады. Дегенмен нәтижені еселеу жұмыстарын осыған қарап босатып жіберуге болмайтынын мұқият білетін пән мұғалімдері айыл-белбеулерін тарта түсуде. 
Просмотров: 885 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 18/04/2010 | Комментарии (0)

ЖЕҢІС-КӨКТЕМ
Қызғалдақтай құлпыра бер, Жеңіс-көктем!
Мамырда майда келіп жетті,
Мәңгілігі шырқап кетті
Күллі жаһан жүзіне.
Сәбише күл, балаша қуаң, Жеңіс-көктем!
Соғыс атаулы құрысын,
Қару біткен жойылсын,
Дұшпан, жендет, жау деген
Бейбіт күшімен тапталсын.
Төк жасыңды, жыла егіле, Жеңіс-көктем!
Отан үшін аттанды кеш-таңда,
Қыршынынан қиылды қан майданда.
Қара қағаз – зар үні,
Тоздырды елді күні-түні.
Орындары толмас сәйгүлік,
Аттары өшпес мәңгілік.
Бас иеміз, баба-аруақ, сіздерге!
Күн шуақтай жылыта бер, Жеңіс-көктем!
Ардагерле ... Читать дальше »
Просмотров: 896 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 18/04/2010 | Комментарии (0)

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің филология әдістемелік бірлестігі және «Нұр Отан» ХДП Бесқарағай ауылы бойынша БПҰ біріге ұйымдастыратын Ұлы Жеңістің 65 жылдығына 5 – 10 (қазақ, орыс) сынып оқушылары арасында «Соғыс жаңғырығы» атты V көркемәдебиет оқулары хақында ТҮСІНІКТЕМЕ
Мақсаты:
· соғыс тақырыбындағы көркем шығармаларды Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мерекесіне насихаттау;
· көркем шығармаларды (поэзия, проза, публицистика) көрермен алдында мәнеріне келтіріп орындауға үйрету, оқушыларды Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу;
· оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Шарттары:
· оқуларға 5-10 (қазақ, орыс) сынып оқушылары қатыстырылады;
· оқулар 3 (үш) номинация бойынша өткізіледі: - поэзия (соғыс тақырыбын қамтыған кез келген 3 (үш) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу; - проза (соғыс тақырыбын қамтыған кез келген романнан, повестен, әңгімеден үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу, әр сынып ... Читать дальше »
Просмотров: 1094 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 18/04/2010 | Комментарии (0)