09:44
Көркемәдебиет додасы шақырады
Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің филология әдістемелік бірлестігі және «Нұр Отан» ХДП Бесқарағай ауылы бойынша БПҰ біріге ұйымдастыратын Ұлы Жеңістің 65 жылдығына 5 – 10 (қазақ, орыс) сынып оқушылары арасында «Соғыс жаңғырығы» атты V көркемәдебиет оқулары хақында ТҮСІНІКТЕМЕ
Мақсаты:
· соғыс тақырыбындағы көркем шығармаларды Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мерекесіне насихаттау;
· көркем шығармаларды (поэзия, проза, публицистика) көрермен алдында мәнеріне келтіріп орындауға үйрету, оқушыларды Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу;
· оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Шарттары:
· оқуларға 5-10 (қазақ, орыс) сынып оқушылары қатыстырылады;
· оқулар 3 (үш) номинация бойынша өткізіледі: - поэзия (соғыс тақырыбын қамтыған кез келген 3 (үш) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу; - проза (соғыс тақырыбын қамтыған кез келген романнан, повестен, әңгімеден үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу, әр сыныптың нормасына сәйкес); - публицистика (соғыс тақырыбын қамтыған кез келген көсемсөзден /публицистика/: очерктен, мақаладан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу, әр сыныптың нормасына сәйкес).
 · 3 (үш) бағыт бойынша 1 (бір) оқушы немесе жеке-жеке 1(бір) оқушыны қатыстыруға болады, қатысушы оқушыларды сынып жетекшілері пән мұғалімдерімен ақылдаса әуелден іріктейді;
· оқулар барысында қатысушы оқушылардың көркем шығармаларға лайықты сахналық киімдері, орындау мәнері, сахналық мәдениеті ерекше ескеріледі;
· көркем шығармаларды пән мұғалімдері һәм қатысушы оқушылар қалауынша таңдайды және олардың тізімін һәм қатысушы оқушылардың тізімін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ибраһим Б.К. 2010 жылдың 5 мамырына дейін тапсырады.
Бағалау: · оқуларды тәуелсіз әділқазы алқасы бағалайды, оның құрамы оқулар болатын күні ғана жария етіледі.
Өту мезгілі: · оқулар 2010 жылдың 6 мамырында сағат 1600-де мектеп алдында немесе мектептің мәжіліс залында өтеді; 
Марапаттау: · оқулар жеңімпаздары І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен һәм бағалы естелік сыйлықтармен немесе қаржылай сыйлықтармен марапатталады; қатысушылар демеушілердің де назары мен ілтипатына бөленуі бек мүмкін.
Просмотров: 1096 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: