09:52
Жеңістің мерейгерлік шеруі
ЖЕҢІС-КӨКТЕМ
Қызғалдақтай құлпыра бер, Жеңіс-көктем!
Мамырда майда келіп жетті,
Мәңгілігі шырқап кетті
Күллі жаһан жүзіне.
Сәбише күл, балаша қуаң, Жеңіс-көктем!
Соғыс атаулы құрысын,
Қару біткен жойылсын,
Дұшпан, жендет, жау деген
Бейбіт күшімен тапталсын.
Төк жасыңды, жыла егіле, Жеңіс-көктем!
Отан үшін аттанды кеш-таңда,
Қыршынынан қиылды қан майданда.
Қара қағаз – зар үні,
Тоздырды елді күні-түні.
Орындары толмас сәйгүлік,
Аттары өшпес мәңгілік.
Бас иеміз, баба-аруақ, сіздерге!
Күн шуақтай жылыта бер, Жеңіс-көктем!
Ардагерлер тұрды сапқа –
Сұм соғысты олар көрген,
Қиын-қыстау лебін сезген,
Қиналғанға көмек берген,
Бейбітшілік шоғын терген,
Бір туыстай қалмай ерген,
Фашизмді мұрттай перген –
Уа, ғаламат! Уа, жаратқан!
Ардагерлер жасасын!!!
Жарқын өркениет кепілі, Жеңіс-көктем!
Берлин бүгін қандай сәнді,
Мәскеу жатыр шырқап әнді,
Волгоград, Минск, Киев халқы
Қуантып жүр жан мен тәнді.
Бейбіт ғасыр серт береді, Жеңіс-көктем!
Отты жылдар ұмытылмас,
Ардагерлер тыста қалмас.
Соғыс-жалын ұшқын алмас,
Ақ көгершін мәңгі талмас!
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
http://www.shakhibbeker.ucoz.kz
Просмотров: 897 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: