СОҢҒЫ СОҒЫС
Соңғы соғыс һәмма әлемді
аяғынан тік тұрғызған,
Адамзат санасын қорғануға
айтарлықтай бел буғызған.
Қара хабар жеткеннен соң,
Аттануға сәт келгеннен соң,
Тәуекелге бел буына,
Салқынқандылықпен суына,
Дүре жүрді есіл ер,
Ағызуға ащы, ашулы тер,
Үміттенді, сенді сонда қасиетті Жер.
(Жаратқан иеміз айтқан сонда:)
«Сарбаздарға, уа, Тәңірім, қуат бер!»
Ей, азғындар, соғыс өртін шығарған,
Ұлтшыл фашис болуға шақырған,
«Әлемді жаулаймын» деп бақырған,
Айдаһардай от шаша ақырған –
Құры, жойыл, өшір отты үніңді.
Просмотров: 865 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2010 | Комментарии (0)

мектебімізде оқу жылын аяқтауға бағытталған кешенді шаралар басталып кетті. Сыныптан сыныпқа көшу емтихандары, мемлекеттік емтихандар, басқа да жұмыстар мұқият әзірлікті қажет ететіндіктен, пысықтау шаралары әзірден қолға мықтап алынуда. Іске сәт!
Просмотров: 905 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2010 | Комментарии (0)

ӘРБІР МАМЫР ЖЕҢІСПЕНЕН ҚЫМБАТТЫ
Әрбір мамыр Жеңіспенен қымбатты,
Ардагерлер еңсесімен сымбатты.
Өкінішті, қатарлары сиреуде,
Ұмытылмас ерліктері – қуатты.
 
Ел басына күн туғанда – сұм соғыста,
Өлімменен қатар жүрді алыста.
Талғамады, өзгелермен болды бір,
Туған жердің топырағымен уыста.
 
Ойламады – болар ман, болар қаза,
Отан үшін ар-намысы сүттей таза.
Қатардағы жауынгер боп сап түзеді,
Бейбіт күндер шырқ бұзылды, кетті маза.
 
Сол сұм соғыс ауыр тиді жаһанға,
Дархан дала, сән түзеген қалаларға.
Миллиондар өлім құшты, болды мерт,
Толды Жер ағайын-бауырлас молаларға.
 
Үрейленген жан түйілді шүберекке,
Соққы тиді адамзат һәм қайың-терекке.
Просмотров: 901 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2010 | Комментарии (0)

мектебімізде ҰБТ-ге дайындық жатпай-тұрмай жүргізілуде. Оған дәлел мыналар: дүйсенбіде ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген бес түлегіміз ПМПИ ұйымдастырып, Аққуда өткен сынақтар менен насихат жұмысы болса, сейсенбіде АББ маманы Еркінов Е.Е. мектеп қабырғасында жүргізген әзірлік тестілеу, пән мұғалімдерімен һәм ата-аналармен кездесулер болды. Екі сыннан да оқушыларымыз 68-75 аралығындағы орташа балл көрсеткішін көрсетті. Ал теххатшы Ибраһим Б.К. ҰБТӨП-тен оқушылар өтінішін сканерден өткізіп, ресми түрде тіркетіп әкелді. Айта кетерлік, биылғы ҰБТ-ны бесқарағайлық түлектер маусым айының 7-сінде тапсырады.
Просмотров: 897 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 11/04/2010 | Комментарии (0)